Главная » Авторские архивы: aygerim

Авторские архивы: aygerim

Мемлекет басшысы ресми іссапармен АҚШ-та

нд

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барғанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: «Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», деп жазылған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады. Фото: www.inform.kz

Читать далее »

Қазақстанда қолжетімді бағада әуе рейстері шығады

Аэропорт

2018 жылы 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады. Бұл туралыАзаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі хабарлады. Халықтың астана мен өңірлер арасындағы әуе қатынасына, өңірлер арасындағы байланысқа, сондай-ақ, 2018 жылы туристік нысандардың қолжетімдігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында мынадай бағыттар субсидияланатын болады. 1) Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, 18 000 тенге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет; 2) Өскемен – Қарағанды, 20 000 ...

Читать далее »

Хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты

хок

Баффалода өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы Дания командасынан ұтылып (4:5, 2:3 Б), элиталы дивизиондағы орнынан айырылды. Енді элиталы дивизионда Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады. Келесі жастар арасындағы әлем чемпионаты 2018-ші жылдың 26-шы желтоқсанында басталып, келесі жылдың 5-ші қаңтарында аяқталады. Аталмыш жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, ...

Читать далее »

Атырау мұнай өңдеу зауыты 14 мың тонна бензол экспортқа шығарды

атырау

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда тұңғыш рет экспортқа мұнай химиясына арналған шикізат — бензол шығара бастады. «2017 жылы  8 951,2 тонна бензол шығарылды. Бұл жоспарланған межеден 104 пайызға артық. Бензол өндірісі қолға алынған уақыттан осы күнге дейін 14 380,8 тонна өнім дайындалды.  Аталған өнім түгелдей Ресейге экспортталды. «Тазартылған бензол -545» сертификаты бар тауар барлық халықаралық талаптарға толығымен жауап береді»,-деп хабарлайды зауыттың баспасөз ...

Читать далее »

Қанат Ислам WBA белбеуі чемпионының міндетті қарсыласы болудан бас тартты

канат

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA белбеуінің чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық боксшының командасының өкілі айтып берді. Дереккөздің айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ ...

Читать далее »

Тегін дәрімен қамтамасыз ету министрлік бақылауында

денс

Қазақстандықтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  денсаулық сақтау басқармасы, фармация комитеті және «СК-Фармация» басшыларының қатысуымен селекторлық жиын өткізді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында хабарланды. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор бір мезгілде бірнеше сатып алу шараларын қатар өтікізуде. Амбулаториялық және стационарлық дәрілер мен медициналық бұйымдарды  тікелей сатып алу жүзеге ...

Читать далее »

Мәжіліс төрағасы бірқатар ірі әлеуметтік-өндірістік нысандарын аралады

ныг

Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламаларында алға қойған міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Көкшетау қаласындағы  бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарда болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Мəжіліс төрағасы алдымен осыдан бірер жыл бұрын индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өңірдегі іргелі кәсіпорын ...

Читать далее »

Қазақстанның 21 елді мекенінде ҚМЖ болжамы көрсетілуде

казгид

1 қаңтардан бастап Қазгидромет сайтында 21 елді мекеніне қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжамы көрсетіледі. ҚМЖ  —  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауаның температурасы) болжамы. ...

Читать далее »

Қазақстандағы АЕК пен ең төмен жалақы көлемі белгіленді

акша

  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен ең төмен жалақы көлемі өзгерді, деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі. «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 2018 жылдың басынан жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа төлемдерді есептеуге арналған АЕК 2 405 теңге көлемінде бекітілді. Сондай-ақ жалақының төменгі мөлшері — 28 ...

Читать далее »

Нұржол желекжолындағы тұраққа көлікті қоюдың бір сағаттық тарифі белгілі болды

парковка

2018  жылдың 15 қаңтарында елордада ақылы көлік тұрағын енгізу бойынша «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару» жобасы іске қосылады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы жұмысын бастайды деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. Машинаны сағат таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін тұрақта қалдырғаны үшін көлік басқарушылар әр сағатқа 100 теңгеден төлейді. Төлем тұрақ сессиясы  басталған сәттен ...

Читать далее »