Главная » Новости (страница 10)

Новости

Полицейлер Астананың кішкентай тұрғындарына тарту жасады

IMG-20160608-WA0012

Астана қаласы ІІД Есіл АІІБ қызметкерлері мемлекеттік мейрамдарды мерекелеп, соның аясында игі істерді атқаруды дәстүрге айналдырған. Мәселен, 1-маусым халықаралық балалар күнінде де үлгілі үрдіс үзілмеді. Қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры А.Әубәкіровтің тікелей тапсырмасымен Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері Астананың кішкентай тұрғындарына тарту жасады. Көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балғындарын жиып, сұлулықтың символына айналған Астананың ең көрікті орындарына саяхат жасатты. Оның ішінде, ...

Читать далее »

ҚАСІРЕТТІ ТАРИХИ ЖЫЛДАРДЫ ҰМЫТУҒА БОЛМАЙДЫ!

те

КСРО тоталитарлық билігінің қандықол саясатының зардабынан шаһит болған барлық  құрбанның әзіз рухына бағыштаймын. Өлі разы болмай Тірі байымайды (Халық даналығы) Бісміллаһір-Рахманір-Рахім!           31 мамыр – бүгінгі жер басып жүрген тірілерді тәубасына түсіретін азалы күн.Қазақтың баласы ешқашан қасіретті тарихын ұмытпауы керек… Коммунистік идеологиялық бағытты мықтылап ұстанған КСРО сияқты тоталитарлық мемлекет үстемдік еткен кешегі ғасырда қазақтың тарихына қатысты, әсіресе, ащы да қасіретті ...

Читать далее »

СӘКЕН және ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ

13348810_570123806495558_1504856922_n

 XX ғасырдың басы қазақ үшін бірнеше билік жүйесінің ауысуымен қатар, алапат ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыратқан ауыр жылдармен басталды. Қазіргі күнде саяси қуғын-сүргін жылдары ретінде 1921 жылдан 1953 жылдар аралығын негізге алып жүргенімізбен, Ресей билігіне қараған үш ғасырға жуық уақытта бас көтерер азаматтарға қаратылған жазалау мен қудалау бір сәтке де тынған емес. Ғасырлар бойғы осындай аласапыран ұлтты құртып жібермесе ...

Читать далее »

Астанада автобустарға арналған Bus Lane жолақтары іске қосылады

автобус

28 мамырда елордада кейбір көшелерде біржақты көлік қозғалысы енгізілсе, 5 маусымда автобустарға арналған Bus Lane жолақтары іске қосылады, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Біржақты көлік қозғалысын енгізу көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. – Жобаны іске асырудың мақсаты – көше-жол желісіне түсетін жүктемені, жолдардағы апаттылықты азайту, жолдардың өткізу қабілеттілігін, көлік құралдарының ...

Читать далее »

БҰҰ жер туралы митингіге шыққандарды қудалауды тоқтатуға шақырды

б99

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Қазақстан билігін үкіметтің ауылшаруашылығы жерлерін сату және жалға беру жоспарына ашық қарсы шыққан белсенділерді қамап, қылмыстық қудалауды тоқтатуға шақырды. Сәуірдің соңы мен мамырдың басында Қазақстанның бірнеше қаласы — Атырау,Ақтөбе, Семей, Ақтау, Қызылорда, Алматыда жүздеген адам үкіметтің ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсылық білдіріп митингілер өткізген. Митингке қатысқан кейбір белсенділерге қоғамдық алауыздық ...

Читать далее »

Елімізде шығарылған катер Есіл өзеніне шығарылады

ес3л

Биыл елордада кеме жүзу маусымы ауа райының қолайлы болуына қарай 18-25 мамырда басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.   Қазіргі кезде алты жолаушылар кемесі жасақталып, көліктік бақылау органдарында аттестациядан өткізілді. 17 мамырда кемелерді сынақтан өткізу ұйымдастырылады. Айта кетейік, биылғы маусымда елімізде шығарылған «Kazboat-47» патрульдік катері қолданысқа беріледі, ол қала ішінде Есіл өзенінің акваториясын патрульдейтін болады. Катер күн сайын сағат ...

Читать далее »

Астана көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

жол аст

Т. Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі жол бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу аясында 11 мамырдан 10 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысында Орынбор көшесі жағынан көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Еске салайық, 10-25 мамыр аралығында Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин ...

Читать далее »

Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы мамыр айында өтеді

саг

Қазақстанда Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы Астанада 14 мамыр күні өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасақталған комиссияның құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан барлығы 75 адам енді. Сондай-ақ комиссияда әр өңірден бір-бір өкілден болады. «Біз еліміз, оның ...

Читать далее »

Алматыда «Корея туралы дәрістер» атты конференция өтті

13147880_10208597428606291_98200395_o

Елімізде соңғы жылдары корей мәдениетінің кең таныла бастағаны белгілі. Бұған «Корей толқыны» деген атаумен көгілдір экранды жаулаған Оңтүстік Кореяның телехикаялары мен ән-биінің үлесі зор. Корей мәдениетін танып-білуге құлшынып, таңғы шық еліне оқуға түсуші қазақ жастарының саны да жыл санап артып келеді. Олардың арасында «Korean foundation» халықаралық қорының гранты бойынша оқып жатқандары да аз емес. Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігіне қарасты ...

Читать далее »

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

т

Елімізді мемлекет ретінде сақтап қалатын негізгі ерекшеліктердің бірі және бірегейі – тіл. Тіл халықтың даналығын, танымы мен талғамын, тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазына. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі болған соң бұл тіл еліміздегі барша халыққа ортақ тіл болуы тиіс. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап елімізде жаңа қоғамның талаптарына сай кешенді де жүйелі ...

Читать далее »