Главная » Новости (страница 20)

Новости

Оралда жаңа театр ашылды

театрр

Оралда Халықаралық театр күні жаңа өнер ұжымы жұмысын бастады. Театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі белгілі актер – Еркін Тасболат. «Ұлы дала» атауын иеленген театр келешекте әлемдік деңгейдегі шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Әзірге негізгі көрермені – жеткіншектер. Сондықтан болар, тұсаукесер қойылым шымылдығы да «Сақ бол» атты халық ертегісімен түрілді. Айта кету керек, Халықаралық театр күні атаулы мереке ретінде 1961 жылы Венада өткен конгресте ...

Читать далее »

Ауа райы: Алдағы күндері жаңбыр жауады

жанбыр

Қазақстанда алдағы күндерде жаңбыр жауын-шашынды ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны. «Қазақстанның ауа райын Жерорта теңізінің аудандарынан солтүстік-шығысқа қарай бағыт алған белсенді циклон анықтайды. Алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында циклонның әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, солтүстік облыстарда қар мен мұзтайғақ, ал түнгі және таңғы уақыттарда республиканың басым бөлігінде тұман болады», — делінген синоптиктердің хабарында. Оңтүстік облыстардың таулы аудандарында ...

Читать далее »

ПӘКІСТАН: Лахордағы жарылыс құрбандарының 30-ға жуығы — балалар

35

Пәкістанның Лахор қаласында жанкештінің өз-өзін жарып жіберуі салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, соның 29-ы — балалар, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Полиция комиссарының орынбасары Мохаммад Усман бұған дейін жарақат алған адамдардың саны 190-нан асқанын мәлімдеген. Жарылыс жексенбі күні таңертең, қала орталығындағы Гүлшан-и-Икбал саябағының жанындағы көлік тұрағының қасында, ойын алаңынан бірнеше метр жерде болды. Бұл жерде Пасха мерекесін тойлау үшін бүкіл ...

Читать далее »

«RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде өрт шықты — Алматы

орт

Алматыда «RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова айтты. Өрт туралы хабарлама таңғы 08:08-де түскен. Атап айтқанда, қонақ үйдің астыңғы қабатында орналасқан «спа салоны» өртке оранған. Қызыл жалын 10 шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар мен қызметкерлер, барлығы 104 адам, қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт жарты сағатта ауыздықталды. Ешкім жапа шеккен жоқ. Тілсіз жаудың неден ...

Читать далее »

Лаңкестік оқиғадан кейін жабылған Брюссель әуежайы өз жұмысын 30 наурызда бастайды

201

Брюссельде 22 наурыз күні лаңкестік әрекет орын алғаннан кейін жабылған әуежай өз жұмысын 30 наурызда бастайды, ал 29 наурызда жарылыстардан кейін салынған уақытша құрылыстарды тексеру жұмыстары өтеді, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы жексенбі күні әуе айлағының әкімшілігі хабарлады. «Ғимарат және уақытша құрылыстың инспекциясы сейсенбі, 29 наурыз күні өткізіледі. Әуежайда көлемді тексерістер өтіп, соның барысында оның 800-ге жуық қызметкері «қалпына келтірілген ...

Читать далее »

Қазақстандық боксшы қыз Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

сп

Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады. 60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Ищанова бірінші жекпе-жекте Тонга Корольдігінің өкілі Пуэки Фифитамен кездесті.  Қазақстандық 3:0 (30:26, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті. Ищанованың келесі қарсыласы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Қытай өкілі Инь Цзюньхуа болмақ, деп хабарлады Vesti.kz. Дереккөз: ҚазАқпарат

Читать далее »

«Бек Эйр» басшысы экипаж мүшелеріне алғыс айтты

«Бек Эйр» авиакомпаниясының бас директоры Асхат Үмітбеков ұшақтың апатты жағдайда қонуына қатысты пікірін білдірді. «Ұшақтың сәтті қонғаны – оның құтты болғанының белгісі деп білем! Экипаж мүшелері керемет жұмыс істеді! Ұшақта ешқандай шу көтерілген жоқ алдағы уақытта төтенше жағдайдың мән-жайын министрлікте арнайы құрылған комиссия анықтайды. Ұшақты сәтті қондырған ұшқыш пен өзге де экипаж мүшелеріне алғыс айтамын! Біз бүкіл экипаж мүшелерін міндетті ...

Читать далее »

Bek Air ұшағының апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеу ісі қозғалды

33

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады, — деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. «Бұл дерек Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша тіркелді. Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», ...

Читать далее »

Экипаж командирі Bek Air ұшағын қалай қондырғаны туралы айтып берді

06

Bek Air әуе компаниясының «Фоккер-100» ұшағының пилоты Дмитрий Родин шассиі жоқ ұшақты қалай қондырғаны жайлы айтып берді. «Бұл менің өмірімде бірінші рет болды, қайталанғанын қаламаймын. Бұл сирек кездесетін құбылыс. Менің жолым болды. Мен училищені аяқтағаннан бері авиациядамын. Ал осы әуе компаниясында жұмыс істеп жатқаныма екінші жыл», — деді Родин. Ол 1981 жылы авиация училищесін аяқтапты. «Біз ұшып келіп, шассиді шығара бастағанбыз, ...

Читать далее »

Ресейде Як-42 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

рус

Оқиға Ресейдің Самара қаласында болған. Техникалық ақауға байланысты ұшақтың әуежайға қонуына шешім қабылданған. «КрасАвиа» әуе компаниясына тиесілі Як-42 ұшағы Самараның Курумоч халықаралық әуежайында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 78 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы ТАСС жазды. Дереккөз: 24.kz

Читать далее »