Главная » Новости » Мәдениет — Культура (страница 4)

Мәдениет — Культура

Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды

????????????????????????????????????

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күніне орай бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған  «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік  іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі. Шара аясында мектеп оқушылары театрландырылған қойылым тамашалады. Аңыз кейіпкерлері Қыдыр ата мен Ұмай ана балаларға бата берді, Алдар көсе мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әжелерден құралған топ әннен шашу шашты. Мерекелік жиында қол ...

Читать далее »

Наурыз мейрамы аясында Астанада 70 астам шара өткізу жоспарланды

жаксыбеков

Бүгін елорда әкімдігінде аппарат отырысының басты тақырыбы ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және Астана қаласы мәслихатының кезекті сайлауы, сондай-ақ, Наурыз мейрамына дайындық мәселелері болды. Жексенбі күні, 20 наурызда елордада 213 сайлауда дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады. Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, әкімдіктің барлық қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін тағы да ескертті. Айта кетейік, елу мың қала ...

Читать далее »

Қазақстанның батысында Көрісу айты тойлануда

көрісу

14 наурыз Батыс Қазақстан облысында ежелден Көрісу айты ретінде тойланып келеді. Бұл күні жасы кішілер елдің үлкендеріне барып, көрісіп, батасын алады. Көрісу айты кезінде дастархан жайылып, мейрам ретінде аталып өтіледі. Адамдар бір-біріне құшақ жайып, емен-жарқын амандасып, реніштері болса, кешіреді. «Айттан айтқа аман-есен жетейік!» деп ақ тілектерін білдіреді. Мұндай ұлттық мейрамға теріс қараған кеңес дәуірі кезінде де Көрісу күні ұмыт қалған ...

Читать далее »

Шығыс Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі онкүндік жарияланады

наурыз

Бүгін Шығыс Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі онкүндік жарияланады. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді. «Наурыз мерекесінің шаралары да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат – елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған 600-ге жуық шара өтеді», – ...

Читать далее »

Баян Есентаева «Қазақ аруы-2016» байқауын тамашалауға шақырды

ару

2010 жылдан бастап елімізде өткізіліп келе жатқан «Қазақ аруы» байқауы  биыл 16 наурызда елордада өтпек. Алғашқы үш жылда байқау Алматы қаласында ұйымдастырылса, кейінгі екі жылда Астанада өтті. «Еліміздің ең сұлу қыздары!!! 16 наурыз күні Конгресс холл сарайында өтетін сұлулық байқауының куәсі болып, кімнің алтын тәж иегері атанатынын бірінші болып біліңіздер. Байқаудың телевизиялық нұсқасын 22 наурыз күні Хабар телеарнасынан көре аласыздар», ...

Читать далее »

Қаратау қойнауындағы таңбалы тастарды кейбір пысықайлар қолмен бүлдіре бастаған

танба

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қарт Қаратау қойнауындағы таңбалы тастарды кейбір пысықайлар қолмен бүлдіре бастаған. Бірі қайталанбас жәдігердің үстіне өз атын жазса, енді бірі сурет салып, тіпті құрылысқа пайдалануда. Теректі ауылының қариялары «көненің көзі, тарихтың сөзі болған құнды дүниелерге бақылауды күшейтпесе, мүлдем жоғалтып аламыз ба?» деп алаңдап отыр. Ауыл ақсақалдары ықылым заманнан келе жатқан құнды дүниелердің көз алдарында адам қолымен біртіндеп бұзылып ...

Читать далее »

ҚР Ұлттық музейі әз-Наурыз мейрамына арналған 10 күндік іс-шаралар легін әзірлеуде

кулбаева

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі әз Наурызды Ұлыстың ұлы күні — əз Наурызды алғаш рет кең көлем де атап өткелі отыр. Оған арнайы бағдарлама дайындалып, іс-шаралар легі 10 күнге жоспарланған. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Жазира Күлбаева мәлім етті. «Кез келген ұлттың өзіне тəн қаншама жылдан бері қарай қалыптасып келе жатқан салт-дəстүрі, ...

Читать далее »

Суретшілер одағының төрағасы «Ғашықтар» мүсінінің неліктен эротикалық болып шыққанын түсіндіріп берді

гашык

Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков «Ғашықтар» мүсінінің неліктен эротикалық болып шыққанын түсіндіріп берді. Астананың орталығындағы Ғашықтар саябағында орналасқан «Ғашықтар» немесе «Бақытым менің» композициясына елорда тұрғындары екіұшты пікір айтқан еді. Ол 2005 жылдың 10 маусымында орнатылған болатын. Бүгін елорда тұрғыны Бақытжан Бермағамбет Yvision.kz сайтындағы блогында өз ойынша ашық киінген қыздың образына қатысты мәселені тағы да бір көтерді. «Қос бұрымды қыздың нәзіктік пен ...

Читать далее »

«Әдебиет порталы» «Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!» атты жыр бәйгесін жариялайды

ер

«Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр! атты жыр бәйгесі жарияланды, деп хабарлайды Әдебиет порталы. WBK тұжырымы бойынша Қытайда өткен ережесіз жекпе-жектен халықаралық чемпионаттың финалына жолдама алған қос қазақ — қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытай қазағы Ғабит Тұрсынбек бір-біріне жұдырық жұмсамағаны үшін төрешілерден ескерту алып, жарыстан шығарылды. Дегенмен екеуінің мәрттігі мен бауырмалдығы әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ақын, ...

Читать далее »

Вивьен Вествуд Париждегі сән апталығында қазақтың бас киімдерін көрсетті /ФОТО/

фр

Белгілі британиялық сән дизайнері Вивьен Вествуд Париждегі сән апталығында 2016/2017 жылдардағы күз-қыс коллекциясын таныстырды.  Онда Азия халықтарының дәстүрлі ұлттық киімдеріне ұқсас элементтерді  де көруге болады. Атап өту керек, Франция астанасындағы Сән апталығы сән индустриясындағы беделді шара. Chanel, Christian Dior, Louis Vuitton, Balmain, Chloé, Nina Ricci, Lanvin, Balenciaga және т.б сияқты белгілі сән үйлерінің коллекцияларының таныстырылымы өтеді. Жылына екі рет осы ...

Читать далее »