Главная » Новости » Қоғам — Общество (страница 10)

Қоғам — Общество

Сайлау кезіндегі келеңсіздіктер прокуратурада жарияланды

ҚР Бас прокуратурасы сайлау учаскелерінде түсіріліп, әлеуметтік желіге таратылған бірнеше видеоны тексерді, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. «Дауыс беру күні прокуратура органдарына 21 өтініш түсті, олардың 16-сы құзыреті бойынша сайлау комиссияларына және ішкі істер органдарына жолданды. Соның ішінде бесеуі тексерістер жүргізу арқылы прокурорлардың өздерімен қаралды», — делінген хабарламада. Прокуратура органдарында бюллетендерді үшінші тұлғаға заңсыз беру деректері бойынша келіп түскен ...

Читать далее »

Астанада Наурыз мерекесінде жедел жәрдем дәрігерлері баспаналы болды

кілт

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Жедел медициналық жәрдемнің 30 дәрігеріне пәтер кілтін табыстады. Салтанатты шара Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік шара жедел медициналық жәрдем стансасы аумағында ұйымдастырылды. Әртістер мен қызметкерлер ұлттық киімдер киіп, Наурыз мейрамын қарсы алуға жиналды. «Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Биыл қала бойынша көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін кешенді жоспар әзірленді. Бүгін ...

Читать далее »

Ескерту: Астана қаласы мен Ақмола облысында қатты жел соғады

жел

ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы мен Ақмола облысында қатты жел соғатыны туралы ескерту жариялады. «21 наурызда Ақмола облысында оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні  23-28 м/с болады. 21 наурызда Астана қаласында күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады», делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Дереккөз: ҚазАқпарат  

Читать далее »

Оңтүстік Қазақстан облысында депутаттыққа үміткер өзін-өзі өртеймін деп қорқытты

© Тұрар Қазанғапов Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына үміткер азамат өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді. «Сайлау процесі кезінде сайлау комиссиясының қызметіне кедергі келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеудің реестріне бір дерек тіркелді. Оқиға ОҚО-да болды, сайлау процесі әлі де жүріп жатқандықтан мән-жайды, аты-жөнін атай алмаймын. Бірақ мәслихат депутаттығына үміттілердің ...

Читать далее »

Йеменде қақтығыстан 35 адам қаза тапты

77

Йеменнің Таиз қаласында шииттік көтерілісшілер мен үкіметшіл күштер арасындағы қақтығыстан 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Ресми ақпаратқа қарағанда, шииттік хусит көтерілісшілері оңтүстіктегі елдің үшінші қаласы Таизды басып алуға әрекеттеніп жатыр, ал Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы хуситтерді алға жылжытпау үшін оннан астам әуе шабуылын жасаған. Йемендегі азаматтық соғыста хусит көтерілісшілері елдің халықаралық тұрғыдан мойындалған үкіметінің күштерімен ...

Читать далее »

Аспараның суына талас

Қырғызстан депутаты Аспара суын «көрші ел артық пайдаланып жатыр» деп айыптайды. Қазақстан тарабы керісінше, «су тапшылығын көріп отырғанын» айтады. Қырғызстан Қазақстанды Аспара өзенін пайдалану бойынша келісімді бұзды деп айыптайды. Жергілікті тұрғындар бұл мәселеге қатысты Қырғызстанның Жогоргу Кенешіне (қырғыз парламенті – ред.) хат жіберген. Ал Қазақстан билігі бұл мәселеге қатысты «ешқандай заңбұзушылық болған жоқ» дейді. ЖОГОРКУ КЕНЕШКЕ ӨТІНІШ Аспара өзені Қазақстанның ...

Читать далее »

«Боинг» лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш нұсқасы анықталды

боу

Ресей Федерациясының тергеу комитеті 19 наурызда Ростов-на-Дону түбінде «Боинг» лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш себебін атады: техникалық ақау, ауа райының қолайсыздығы және экипаж қателігі, — деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркинге сілтеме жасап. «Апаттың түрлі себебі аталып жатыр. Оның ішінде негізгілері — ұшақ экипажы әрекетінің қателігі, техникалық ақау және ауа райының қолайсыздығы. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді Маркин. Сонымен ...

Читать далее »

Ыстамбұл орталығында жарылыс болды

стамбул

Ыстамбұл орталығында жарылыс болып, салдарынан кемінде екі адам қаза тапты, — деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, жарылыс сенбі күні жүргіншілерге арналған Истикляль көшесінде болған. CNN арнасы жарылыс салдарынан жанкештіні қосқанда кемі екі адамның қаза тауып, тағы алты адамның жарақат алғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дереккөз:tengrinews.kz

Читать далее »

Қызылорда облысының әкімі үшемдердің ата-анасына автокөліктің кілтін табыс етті

кко

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылордада дүниеге келген үшемдердің ата-анасын қабылдап, автокөліктің кілтін табыс етті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 23 жастағы Ботагөз Байкен еліміздегі ең жас көпбалалы ана атанды. Айша, Хадиша, Раяна атты үшемдердің 3 және 1 жастан асқан екі ағасы бар. «Үшемдердің бауы берік болсын. Еліміздің демографиялық дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Ең бастысы сәбилердің дені ...

Читать далее »

Елбасы Каспий теңізін қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады

546

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізін қорғау жөніндегі  хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Читать далее »