Главная » Новости » Спорт (страница 3)

Спорт

Каратэ-до шотакан (WKF): VII әлем чемпионатына Қазақстаннан спортшылар аттанды

шотакан

Польша мемлекетінің Быдгощ қаласында 1-3 сәуір күндері   каратэ-до шотакан (WKF) спорт түрінен өтетін VII әлем чемпионатына Қазақстаннан 25-ке жуық спортшы қатысады, — деп хабарлайды Медиа-Астана сайтының тілшісі. Бұл жарысқа Астана қаласындағы «Абырой» спорт клубынан әлемдік додада топ жарып жүрген 6 спортшы аттанды: Бапкерлері: Рауан Тоғызбаев (60кг), Әділет Үсенбаев (60кг); Бэлла Самашева (38кг), Еркежан Мүтәліп (50кг), Рауан Сатылған (35кг), Алмас Мүбараков ...

Читать далее »

Қазақстандық боксшы Қытайдағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады

кбок

  56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Қайрат Ерәлиев Қытайдың Цзяньань қаласында өтіп жатқан  Риодағы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирінде ширек финалға шықты. Бұл туралы sports.kz жазды. Қайрат Ерәлиев Қытайдағы іріктеу турнирінің алғашқы сынында Тайбэй өкілі Линг Шен Линді 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Фото:  Данияр Майлыбаев

Читать далее »

БОКСТАН ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУ: Үш боксшымыз — ширек финалда

бок

Қытайдың Цяньань қаласында бокстан Азиялық іріктеу жарысы өтіп жатыр. Бүгін 1/8 финал кездесулері өтіп жатыр. 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов кореялық Хегун Янмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға аяқ басты. Енді ол сириялық Алаа Елдин Гоусанмен кезеседі. 52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев Ролдан Бонкалесті (Филиппин) 3:0 есебімен жеңді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыстың нөмері бірінші боксшысы Хун Чун ...

Читать далее »

Қазақстандық боксшы қыз Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

сп

Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады. 60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Ищанова бірінші жекпе-жекте Тонга Корольдігінің өкілі Пуэки Фифитамен кездесті.  Қазақстандық 3:0 (30:26, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті. Ищанованың келесі қарсыласы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Қытай өкілі Инь Цзюньхуа болмақ, деп хабарлады Vesti.kz. Дереккөз: ҚазАқпарат

Читать далее »

Футбол: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды ұтты

улт

Түркияда футболдан өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжан аяқдоп шеберлерін 1:0 есебімен тізе бүктірді.   «Қазспорт» телеарнасынан көрсеткеніндей, бұл ойында Әзірбайжан құрамасы алаң иелері болып саналды. Соған қарамастан, кездесу қазақстандықтардың басымдылығымен өтті. 8-минутта Серікжан Мұжықов бұрыштамадан Бауыржан Исламханға пас берсе, «Қайраттың» капитаны оны айып алаңына қарай әуелетті. Мұны ұтымды пайдаланған Мақсат Байжанов баспен допты қақпаға сүңгіте салды. Бұдан кейін ...

Читать далее »

«Астана арландары» Puerto-Rico Hurricanes-ті 5:0 есебімен ұтты

07

Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Еске сала кетсек, бұған дейін Мардан Берікбаев пен Нұрсұлтан Көшеғұлов жекпе-жегі сәтті аяқталып, команда жарыс аяқталмай жатып жеңіске ие болған. Үшінші ұпай 64 келідегі пуэрторикандық боксшы рингіге шықпай қалған соң жазылды. Содан соң 91 келіде шығатын Еркін Мұхаметжан бірінші ...

Читать далее »

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

Биыл тамыздың 5-і күні сонау Латын Америкасындағы алып ел – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. 21 тамызға дейін жалғасатын додада 110-нан астам қазақстандық спортшы ел намысын қорғауы мүмкін. Олар спорттың 27 түрі бойынша бақ сынамақ. Әрине, бұл жоспар ғана. Себебі маңызды додаға берілетін жолдама үшін талас әлі де жалғасып жатыр.  Әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы Қазақстан Бразилия ...

Читать далее »

КҮРЕС: Олимпиадаға жолдама саны 12-ге жетті

курес

Күрес түрлерінен Астанада Азия құрлығы бойынша Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасы төрт жолдама алды. Грек-рим күресінің балуандары жолдама жолында жеңілді, деп хабарлайды alaman.kz сайты.   Әйелдер күресі Жеңіл салмақтағы (48 келі) Жұлдыз Ешімова ширек финалда  өзбек қызы Жақсымұратованы 10:0, жартылай финалда үндіс аруы Винешті 5:4 есепбімен жеңіп жолдама алды. 63 келіде күрескен Екатерина Ларионова жартылай финалда үндіс Антианы 8:2 ...

Читать далее »

Елбасы «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады

Елбасы «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді. Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер ...

Читать далее »

Астанадағы турнирде қазақстандық екі балуан Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

рио16

Астана қаласында бүгін «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың түске дейінгі қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға шығып, Рио Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды. Бірінші жолдаманы әйелдер арасындағы 69 келі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова финалға өтіп қанжығасына байлады. Ал еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғ. Өсербаев финалға сүрінбей жетіп, Қазақстан ...

Читать далее »