Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барғанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: «Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», деп жазылған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады. Фото: www.inform.kz
Читать далее »Саясат — Политика
Мәжіліс төрағасы бірқатар ірі әлеуметтік-өндірістік нысандарын аралады
Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламаларында алға қойған міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарда болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Мəжіліс төрағасы алдымен осыдан бірер жыл бұрын индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өңірдегі іргелі кәсіпорын ...
Читать далее »БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы Сенатта қарастырылады
ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммунициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі strategy2050 сайтына сілтеме жасап. Депутаттар БАҚ үшін ақпарат беру бойынша уақыт пен мерзімге қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша заң жобасы үкіметтің заң жобалары ...
Читать далее »Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды
Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты akorda.kz сайтына сілтеме жасап. Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді ел ретінде дамыған жылдарымыздағы бірқатар жетістіктерді атап өтті. – Мемлекеттік егемендікке ие болған соң біз мықты әрі өркендеу жолына түскен Қазақстанды құруға кірістік. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген елеулі жетістіктер мен жеңістерге ...
Читать далее »Алматыда пәтер мәселесі шешімін тауып келеді
Астанадағы ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек биыл қалада 14500 пәтер пайдалануға берілетінін мәлімдеді. «Мемлекеттік бағдарламалар шаһардың экономикасына өте зор әсерін тигізіп жатыр. Осылайша, қаладағы құрылыс жұмыстарының қарқыны 4 есеге артты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1800 үй салынды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ғана биыл 4,5 мың үй пайдалануға беріледі. Жалпы қолданысқа берілетін үйлердің 60 пайызы жаңадан салынып ...
Читать далее »Қазақстандық тілшілер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысымен танысты
Бір топ отандық тілшілер «Қазақстандық БАҚ-тардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысын жария етудегі әлеуетін күшейту» жобасы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барып қайтты. Бес күндік семинарды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Хатшылығы мен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігін, әсіресе 2018 жылғы қаңтардағы осы органда төрағалық етуін қеңінен жариялауды ...
Читать далее »Елбасы іссапармен Қостанай облысын аралады
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өндірістік кәсіпорындарын аралап көрді, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. Жұмыс сапары барысында Елбасы «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды. Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да ...
Читать далее »Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі ҚР үкіметінің сайтына сілтеме жасап. Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист. Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі ...
Читать далее »2018 жылы 1 шілдеде зейнетақы көлемі артады
2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу жүйесi өзгерiп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемi артады. Жаңа жүйе бойынша, оның мөлшерi еңбек өтiлiне қарай өзгеретiн болады. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова ОКҚ брифингi барысында айтты. Светлана Жақыпованың мәлiметiне сүйенсек, бүгiнгi таңда елiмiзде орташа зейнетақы көлемi 56 мың теңгенi құрайды. Ал базалық зейнетақы көлемi өзгергеннен кейiн ...
Читать далее »Қазақстанның ішкі істер департаменті мен полиция қызметі бірігеді
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасың кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмысын бастады. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндап берді. Осы орайда депутат бұл заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ құқықбұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивтік қылмысқа қарсы іс-қимылды ...
Читать далее »