Главная » Новости » Саясат — Политика (страница 10)

Саясат — Политика

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары қаралды

УШУ

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Әскери және басқа да құрылымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық Қауіпсіздік Туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 2015 жылы 15 қыркүйекте Душанбеде қол қойылған келісім ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құралымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

орал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елбасы алдымен «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатына ат басын бұрмақ. Оралда 2014 жылы «Болашақ-Т» ЖШС (қуаты —  жылына 50 мың шаршы метр темірбетон бұйымдары) мен «СВ плюс» ЖШС-ның (40 мың шаршы метр) екі үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілген еді. Сол жылы «Болашақ-Т» ЖШС-ның ...

Читать далее »

АҚШ пен Ресей бірікті, ал Түркия ше?

ра

Өткен аптада Ресей мен АҚШ Сириядағы қақтығысты 27 ақпаннан бастап тоқтату туралы бітімге келді. Бірақ екі ел бірлесіп жасаған бұл бітімнің күші экстремистік «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Каидамен» байланысты «Нусра майданы» ұйымдарына және БҰҰ террористік ұйым деп таныған басқа да топтарға жүрмейді. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун келісімді «көптен күткен үміт» деп атап, соғысушы барлық тараптарды бітімге қосылуға шақырса, Ресей ...

Читать далее »

ҚР Сыртқы істер министрінің төрт жаңа орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен ҚР Сыртқы істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ...

Читать далее »

Сенат Бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі келісілді

Сенат Бюросы жоғарғы Палатаның 2016 жылғы 10 наурызда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы; құқықтық актілер туралы; заңнамаға құқықтық актілер мәселелері бойынша түзетулерді; төрелік туралы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы; теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша заң жобаларын талқылайды. Заңнамаға төрелік ...

Читать далее »

Сайлаушылар 4 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларында тiзіммен таныса алады

Сайлаушылар 4 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларында тiзiммен таныса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Ләззат Сүлеймен ОСК брифингi барысында мәлiмдедi. «4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдері танысу үшін учаскелік сайлау комиссияларында ұсынылады, әрбір сайлаушы дауыс беру күніне дейін және сайлау күні өзі туралы деректерді тексере алады. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін ...

Читать далее »

Орталық сайлау комитеті алдағы сайлауға дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізуде — Е.Слобода

сайлау

ҚР  Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізуде. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында брифинг берген ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Евгений Слобода айтты. «Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарын тұрақты әрі рет-ретімен жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Әдістемелік қамтамасыз ету де тыңғылықты жүргізіліп, кадрлар да жақсы жасақталған», — деді ол. Миссия басшысы өздері болған барлық ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

ии

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. С.Мыңбаев Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады. Кездесуде қаржы-өндірістік қызмет мәселелері қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читать далее »

Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

ак

Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ішкі істер министрі кездесу барысында Мемлекет басшысына құқық қорғау жүйесін реформалау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің алғашқы қорытындылары туралы, сондай-ақ қылмыспен күресті күшейту және елдегі құқық тәртібін қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген тетіктерді енгізу құқық қорғау ...

Читать далее »

Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесті

назарбаев

Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысы биылғы кездесу ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде және Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданған күні өтіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде орнықты өсімді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ қазіргі әлемде қауіпсіздікті ілгерілету және біркелкі даму мәселелерін де қозғады. ...

Читать далее »