Главная » Новости » Саясат — Политика (страница 4)

Саясат — Политика

Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды

карн

Елбасы Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, «Gap» компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты.   Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, ...

Читать далее »

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысында грузиялық тәжірибе пайдаланылады

дн1

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жобасын жүзеге асыру үшін Грузиядан мамандар шақыртылды, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ОКҚ-дегі Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру мәселелері бойынша баспасөз мәслихатында.  Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің ресми сайтында жазылды. «Грузияның жақсы тәжірибесі бар. Біз грузиялық әріптестерімізді шақырдық және олар қазір бізбен жұмыс тәжірибесімен бөлісуде. Оларда мұндай институт «әділет үйі» деп аталады ...

Читать далее »

Трамп: жасанды түсік жасағаны үшін әйелдерді емес, дәрігерлерді жазалау керек

<> on April 25, 2012 in Edinburgh, Scotland.

АҚШ президенттігіне Республикалық партияның атынан үміткер Дональд Трамп жасанды түсікке байланысты айтқан сөздері өз жақтастарының да, жасанды түсік жасатуға қарсы шыққандардың да тарапынан бірдей кері реакция тудырған соң, өз позициясын түзетті. Атап айтқанда, Трамп жасанды түсік жасатуға тыйым салу немесе заңдастыру туралы шешімдерді федералдық билік емес, жекелеген штаттардың билігі қабылдау тиіс екенін мәлімдеді. Бұл ретте ол жалпы алғанда АҚШ-та жасанды ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы іссапармен АҚШ-қа барды

акшка

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен Америка Құрама Штаттарына барды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы сапар аясында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысады. Сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Читать далее »

Астанада Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихаты өтеді

астана

Бүгін,  30 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатының тақырыбы — «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру». Баспасөз мәслихатына Ұлттық комиссия төрағасы — ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ реформаның бес бағыты бойынша жұмыс топтарының жетекшілері — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ...

Читать далее »

Н.Назарбаев Брюссельде террорлық акт құрбандарын еске алды

брюс

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы 22 наурызда болған  террорлық акт құрбандарына арнап «Мальбек» метро стансасында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірінің Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. — Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін ...

Читать далее »

Елбасы Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен келді

елбасы сапарда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы келгеннен кейін 22 наурызда Брюссельде болған террористік актілер құрбандарын еске алу  бойынша «Мальбек» метро станциясына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Рәсім аясында Қазақстан Президенті Брюссельдің астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесті және қайғылы оқиғаға көңіл айтты. «Қазақстан терроризмнің кез келген ...

Читать далее »

Елбасының Жарлығымен Қазақстанның шетелдегі елшілері тағайындалды

ақорда

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Бразилия, Өзбекстан,Тәжікстан, Армения, Финляндиядағы елшілері тағайындалды,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен  Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды; Нұрлан Мұсатайұлы ...

Читать далее »

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

25

Күні кеше жаңа құрамдағы Мәжілістің сеніміне ие болған Үкіметте ауыс-түйіс бірден басталып кетті. Ең алдымен Елбасы Жарлығымен Энергетика министрі Владимир Школьник қызметінен босатылып, оның орнына Қанат Бозымбаев тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Осы Жарлықпен ол Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Ал Батыс Қазақстанға  Елбасы Жарлығымен Алтай Көлгінов әкім болды. Мұнан бөлек, «Нұр ...

Читать далее »

Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

20

Мемлекет басшысы А. Көлгіновті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «А.С. Көлгіновті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының  Президенті      Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы   26  наурыз №  219   Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге ...

Читать далее »