Главная » Новости » Экономика (страница 5)

Экономика

«Астана ЭКСПО-2017» бас мердігері субмердігерге 100 млн. теңге берешек болып қалған

100млн

«Астана ЭКСПО-2017″ бас мердігері АДС компаниясы» ЖШС өзінің субмердігері «Северстальконструкция» ЖШС-ге 100 млн. теңге берешек болып қалған. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов мәлім етті. «Астана ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесінің бас мердігері өз міндеттемелерін толық орындаған субмердігер «Северстальконструкция» ЖШС-ге келісімшарт бойынша қаржы төлемей келеді. Қазіргі уақытта қарыз көлемі 100 млн теңгеден асып отыр», — ...

Читать далее »

Қазақстанда үлескерлік құрылыс құны төмендейді деп күтілуде — ҚР ҰЭМ

тургын уй

Үлескерлік құрылыс нысандарын қаржыландыру әдістеріне заңнамалық өзгерістер енгізу салынып жатқан тұрғын үйлердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайынов. «Заң жобасын қабылдаудан күтілетін оң нәтижелер — үлескерлер қаражатының мақсатты емес пайдалану және қаражатты шығындауды бақылау арқылы құрылыс мерзімдерінің орындалмауы мүмкіндігін төмендету арқылы үлескерлерге қауіп-қатерді азайту, құрылыс үдерісі ...

Читать далее »

«Астана» қаржы орталығы Лондондағы британдық іскерлік ортаға таныстырылды

каржы орт

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Лондонда жұмыс сапарымен жүр. «Сапар аясында Қайрат Келімбетов британдық бірқатар үкіметтік құрылымдар, инвестициялық компаниялар және халықаралық қаржы ұйымдары басшыларымен жұмыс кездесу өткізді. Олардың арасында Лондондық Ситидің бұрынғы лорд-мэрі сэр Дэвид Вуттон, сондай-ақ Innovate Finance, Clifford Chance, Boston Consulting Group (BCG), Голдман Сакс, UBS, Морган Стэнли сияқты компаниялардың жетекшілері бар», деп хабарлайды Қазақстанның Ұлыбританиядағы ...

Читать далее »

Мұнай бағасы өсе бастады

мунай

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді. Саудадағы мәліметтер осыған дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru. Сәуір айының фьючерстерінде WTI маркілі мұнайдың бағасы Нью-Йорк тауарлы биржасында (NYMEX) 3,78% өсіп, бір баррелінің құны $37 құрады. ICE Futures лондондық биржасында Brent маркілі мұнай 3,15% қымбаттап, бір баррелінің бағасы $40,90 құрады. Дереккөз: ҚазАқпарат

Читать далее »

Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатымен танысты

бол

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҚО-ға жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатында болды. «Болашақ-Т» ЖШС жұмысшыларымен бейресми әңгімелескен Елбасы бұдан соң жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін құрастырмалы жүйе және темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты. Кездесу барысында құрылысшылар атынан сөз алған «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС директоры Валентина Михно Қазақстанда бизнестің дамуы үшін барлық жағдайдың ...

Читать далее »

Елімізде 69 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді

жария

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 наурызына мәлімет бойынша 545 млн теңгеден астам сомаға 69 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді, деп хабарлайды еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. «Қазақстан аумағында орналасқан 545 496,4 млн теңге сомаға 69102 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді», — делінген ведомство хабарламасында. Оған қоса, жария етудің жалпы сомасы 870 940,2 млн теңгені құрады. Атап айтқанда Мемлекеттік кірістер ...

Читать далее »

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында пойыз қатынайды

ктж

15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында жаңа пойызды шығарады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Пойыз тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен: Жезқазған-Қарсақпай-Байқоныр-Көктал-Қоскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл әрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады. 40-тан астам елді мекендерді қамтитын бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маңызды жоба болып ...

Читать далее »

ҚР Президенті 2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді

нн1

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға бағытталған «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Дереккөз: inform.kz

Читать далее »

«Халық маркасы — Қазақстанда жасалған» алғашқы азық-түлік дүкені Астанада ашылды

халы0 маркасы

Бүгін Астанада тек қана отандық тауар өндірушілердің азық-түлік өнімдерін сататын «Халық маркасы» алғашқы дүкені ашылды, деп хабарлайды премьер министрдің ресми сайты. «Дүкеннен Қазақстанның барлық аумақтарынан, Оңтүстік Қазақстаннан бастап Маңғыстауға дейінгі барлық өңірлерінен әкелінген азық түрлері бар. 300-ден астам отандық тауар брендтерінің 2 мыңнан астам аталымы қойылған. Тұтастай алғанда, бұлар әрбір өңірде халықтың арасында танымал болған сүйікті тауар маркалары. Қазақстандағы бірінші дүкен Астанада ашылғандықтан «Астана Халық маркасы» ...

Читать далее »

Ұ.Қарабьалин «KAZENERGY» Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

карабалин

«KAZENERGY»  қауымдастығы Төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен Ұзақбай Қарабалин «KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметінен мәлім етті. «KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы Төрағасы Т.А.Құлыбаевтың бұйрығымен Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Төрағаның орынбасары  қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Дереккөз: BNews.kz

Читать далее »