Главная » Новости » Білім — Образование (страница 3)

Білім — Образование

Көкшетаулық оқушы миды басқаратын құрылғы ойлап тапты

ми

Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын. Жаңа құрылғыны №19 фи­зика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып ...

Читать далее »

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді

мектеп

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшетінін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.   «Қазір біз тапсырманы орындап жатырмыз, сондықтан да сіздерге бұл жөнінде кейін толығырақ айтып береміз. Менің ойымша, бұл дұрыс тапсырма. Дайындыққа көп уақыт кетеді деп ойламаймын. Алдағы айда бірдеңе белгілі болып қалуы мүмкін. Менің ойымша, мұндай жүйеге көшуге 3-4 жыл уақыт керек. Президент ...

Читать далее »

Елбасы мектептерде интернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

инет

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жалпы білім беретін мектептерін үздіксіз интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды. Үкіметке берілген бұл тапсырманы ол ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жазылды. «Үкіметке әкімдіктермен бірге барлық мектептерде интернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Н.Назарбаев. Елбасы баса айтып өткендей, ұлттық операторлар әлеуметтік жауапкершілік танытып, мектептерге арнайы тарифтер ұсынуы тиіс. Бұдан ...

Читать далее »

Қазақстандық мектептерде Кәсіптік бағдар күні енгізілуде

????????????????????????????????????

ҚР Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердің 9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күнін енгізуде, деп хабарлайды еліміздің Білім және ғылым министрлігі. Ведомствода түсіндіріп өткендей, аталған шаралар оқушылардың оқу барысына кедергі келтірмей, жоғары оқу орындарын жарнамалауды жүйелік реттеу мақсатында енгізілген. Енді кәсіптік бағдар күні әр айдың 2 және 4-сенбі күндері 2 академиялық сағат ішінде өтетін болады. Мектептер үшін бірыңғай ...

Читать далее »

Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды

зерде1

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының арасында ХІ «Зерде» республикалық конкурсы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпы командалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды. Фотода: ХІ республикалық 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми жоба байқауының қазақ тілі, әдебиет, xимия, биология пәндері бойынша 1 орын иегерлері Қали ...

Читать далее »

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді

болашак

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында жазды. «Биыл 700 стипендия бөлініп отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 100 стипендияға артық. Біздің мақсатымыз әлеуетті үміткерлердің көбірек санын қамту», — деді ол.Ғ.Нығыметовтің мәліметінше, биылғы жылы құжат қабылдау үш кезеңде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 ...

Читать далее »

Еуропалық ExoMars TGO зонды Байқоңырдан ұшуға әзір

марс

Дүйсенбі күні, еуропалық  ExoMars Trace Gas Orbiter ғарыш зонды ұшырылымға әзір. Бұл  Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) мен Ресейғарыштың бірлескен жобасы. Зонд Байқоңыр ғарыш айлағынан ауыр ресейлік  «Протон»  зымыран тасығышымен Марстың қозғалыс траекториясына шығарылуы тиіс. Марс маңындағы орбитаға шыққан  зонд Қызыл ғаламшардың атмосферасындағы газ құрамын егжей-тегжейлі талдаумен айналысады. Марс атмосферасында табылған, ғаламшарда бактериялық өмірдің болу ықтималдығының көрсеткіші болып табылатын метан, газ ...

Читать далее »

Қызылордалық мектеп оқушысы жаңа математикалық теңдеуді шығарды

окы

Қызылордадан он екінші сынып оқушысы Әбілқасым Латыш сәулет өнері мен робот техникасында әртүрлі экскиздер жасауға мүмкіндік беретін жаңа математикалық теңдеуді шығарды. Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиеленушісі өзінің теңдеуін халықаралық зерттеу жұмыстары конкурсына ұсынды, оған Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Әзербайжаннан 400-ге жуық жас математиктер қатысты. Отандық ғалымдардың айтуынша, 17 жастағы жасөспірімнің бұл тамаша формуласы жобалау және модельдеу әдістерін әлденеше есе оңайлатады. «Мен ...

Читать далее »

Елбасы Ақтөбедегі физика-математика мектебінің оқушыларымен жүздесті

фм

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін  аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді. Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші ...

Читать далее »

Білім саласындағы реформа

школа

Биыл жаңа қабылданған білім саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру реформасының алғашқы қадамдары жасалады. Осыған байланысты орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің сағаттары көбейтіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өзінің алғашқы мәлімдемесінде айтқан. Министрдің айтуынша, биыл Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары жасалады. Ол бірінші кезекте орыс мектептеріндегі қазақ тілінің сағаттарын ...

Читать далее »