Главная » Главная тема (страница 10)

Главная тема

Елбасы қаражатты ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты

эк

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. — Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық ...

Читать далее »

ҚР Президенті Пәкістанда болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лахор қаласында болған террорлық актіге байланысты Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар екенін, бұл жағдайдың ешкімді бей-жай қалдырмағанын ...

Читать далее »

Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді

97

Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов алдыңғы шассисіз қонған ұшаққа қатысты түсінік берді. «Шасси толықтай ашылмай қалды. Ұшақты шассисіз қондыру жөнінде шешім қабылданды. Ұшақтың артқы шассиі ортаға қойылып, қонды. Әуежай бұл кезде қону алаңын көбікпен жапты. Ұшақ 30 метрдей жерге өтіп барып тоқтады, зақым минималды. Ұшақтың командирі Виктор Родин — жарады, барлығын дұрыс істеді», — деді әуе компаниясының басшысы. ...

Читать далее »

Елбасы алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты

пп

Елбасы алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы депутаттарды Мәжіліс жұмысының басталуымен құттықтап, өткен сайлаудың еліміз үшін тарихи мәні бар екенін айтты. – Сайлаудың нәтижесі қазақстандықтардың қазіргі және болашақ біртұтас ұлт ретіндегі тұтастық деңгейі жоғары екенін нақты көрсетіп берді. Сайлау қазақстандық бірлікті нығайтқан тарихи актіге айналды. Дауыс беру Ұлт жоспарын бүкілхалықтық қолдаудың көрінісі болды. ...

Читать далее »

VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің толық тізімі жарияланды

деп

VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіндегі үш партия атынан және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттардың аты-жөні белгілі болды. Еске сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болған еді. Сонымен, 84 депутаттың аты-жөндері мыналар: М.Айсина;  З.Аманжолова; И.Аронова;  С.Ахметов; Б.Әбдірайым; Н.Әбдіров; М.Әшімбаев; А.Базарбаев; З.Балиева; Е.Бектұрғанов; А.Бектұрғанов; Г.Бижанова; М.Бопазов; С.Бычкова; А.Дәуренбаев; Н.Дулатбеков; Ж.Дүйсебаев; С.Дьяченко; А.Ералиев; К.Ержан; ...

Читать далее »

«Нұр Отан» партиясы атынан мәжіліске баратын депуттаттар есімі белгілі болды

засе

Елбасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыста партияның парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ кандидаттардың партиялық тізімі бойынша  Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды. Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 ...

Читать далее »

Брюссель әуежайында жарылыс жасағандардың суреті жарияланды

Желіде Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің суреті жария болды. Болжам бойынша лаңкес делінгендердің видеобақылау камерасына түсіп қалғандардың кадрларын бельгиялық Derniere Heure газеті жариялады. Суретте үш ер адам жүк тиелген арбаны итеріп бара жатыр. Екі күдікті — сол жақтағы және ортадағы. Басылымның мәліметінше, әзірше ер адамдардың қай елдің азаматы екені анықталмады. © dhnet.be РИА Новости мәліметінше, саперлер әуежайда орнатылған үшінші жарылғыш затты істен шығарды. ...

Читать далее »

Н. Назарбаев Брюссельдегі лаңкестік актілеріне байланысты Бельгия Короліне көңіл айтты

Елбасы Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы еліміз халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын және осындай қиын сәтте Бельгия халқын  жан-жақты қолдайтынын айтты. Еске ...

Читать далее »

ҚР ОСК: Мәжіліске «Нұр Отан» 84 мандат, «Ақ жол» мен ҚКХП 7 мандаттан алды

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда «Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау, партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу туралы» қаулы қабылданды. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайлаудың мынадай қорытындыларын анықтады: «Нұр Отан» партиясы — ...

Читать далее »

Елбасы жеңімпаздар форумына қатысты

Елбасы жеңімпаздар форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Қазақстан Президенті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде баршаны «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісі сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Сайлауға қатысу көрсеткіші 77 пайыздан асты, қазақстандықтардың 82 пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл – еліміз үшін рекордтық көрсеткіш. Біз бүкіл әлемге республикамызда ашық, айқын әрі әділ сайлау өтіп жатқанын, соның нәтижесінде Парламентте көппартиялы жүйе ...

Читать далее »