Тілі мен тарихын білмеген түбін білмейді. Ал ондай адам отанына қорған, жұртына сүйеу бола алмайды дейді Петропавлдағы шешен –ингуш орталығының өкілдері. Сондықтан балаларға ана тілдерін оқытып, тарихтың тағылымен сусындатып жүр. Ал осындай жағдайды жасап берген «Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасы»,- дейді вайнахтар. Бұл Петропавлдағы ұлттық өркендеу мектебі жанындағы шешен-ингуш сыныбы. Балалар ана тілін оқып, әдебиетімен танысуда. Жеткіншектер аптасына бірнеше мәрте осында жиналып, білім алады.
ПИТИМАТ АВХАДОВА ОҚЫТУШЫ
Тілі мен тарихын білген адам ғана басқалардың мәдениетіне сыйластықпен қарайды. Сондықтан біздің мақсатымыз осы ұғымды сіңіру. Ал біздің балаларымызға осындай жағдай жасаған Елбасымызға алғысымыз шексіз. Өйткені ассамблея болмаса бізде мұндай мүмкіндік болмас еді.
Қазіргі күні сыныпта 30-ға жуық бала бар. Олар екі топқа бөлініп білім алады. Солардың бірі Залина Жаниева. Осы мектепке келгелі сан алуан ұлттың балаларымен танысып дос боп кетті.
ЗАЛИНА ЖАНИЕВА ОҚУШЫ
мен өз ана тілімді біліп –үйреніп жүрмін. өте қызық.бізге осындай мүмкіндік тудырған Президентімізге үлкен рахмет. Мен мектепте көп достар таптым.
Ұлттық жаңғыру мектебі балаларға тек өз мәдениетімен ғана емес, өзге де халықтардың әдет-ғұрпын, тарихын, әдебиетін танып білуге мүмкіндік береді. осының арқасында ұлт пен ұлысқа бөлінуді білмейтін жаңа буын өсіп келеді.