Главная » Новости » Наурызнама » Наурыз — жаңа жыл мейрамы

Наурыз — жаңа жыл мейрамы

Наурыз (жаңа күн) – көктемгі түн мен күннің теңесуіне тура келетін жаңа жыл мейрамы. Көктемгі бұл теңесу бізге байқаусыз ыңғайда болмашы жылжып тұрады. Қазіргі кезеңде ол 20-22 наурызға тура келіп тұр. Ал Һайам заманында 14-16 наурызға тура келген.

Наурыз мейрамы арабтардан бұрын Иран және Орта Азиядағы көптеген ел-жұрт, сондай-ақ кавказдағы бірқатар елді мекендердегі зардошт дінін қабылдаған қауымдарда діни мейрам есебінде тойланып келген.

наурыз 22

Наурыздың жария етілу себебін айтар болсақ, оны былайша түсіндіруге болады: Аптаптың (күннің) екі айналуына орай олардың бірі төмендегіше – аптап әр үш жүз алпыс бес күн ішіндегі тәуліктің төрттен бірінде Амал (күннің жылдық айналым жолындағы он екі жұлдыздың бірі) айының бірінші минөтіне шығып кеткен кезінің өзінде тағы да орнына қайтып келеді және жыл сайын бұл кезең кеми береді.

Жәмшид (замандағы Иранның аңызға айналғанпатшаларының бірі) бұл күнді түсінгеннен кейін оны Наурыз деп атады да мерекеге айналдырды. Жәмшидтен соң мұны өзге патшалар және жәми жұрт мейрам ретінде қабылдайтын болды.

Жұрттың айтуына қарағанда, Ажамның бірінші патшасы Каюмарс таққа отырғаннан кейін жылдың әр айы мен күндеріне ат қоюға және адамдар біліп отырсын деп арнайы жылнама әзірлеуге жарлық берген. Осы мақсатпен ол таңғы мезетте Аптап Амал айының әуелгі  (алғашқы минөтіне енген күнді анықтап  Ажам мубадтарын (игі жақсыларын) жинады да олардың алдында бұдан былай жыл есебін осы күннен бастауды бұйырды. Ал олар бұл бұйрықты жер-жерге әрі қарай таратып әкетті.

/Наурызнама: Аталы ойлар.  кітабынан алынды/

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*