Главная » Новости » Әлихан Шыңы » «Алаш» қоғамдық қоры қаржы жинап жатыр

«Алаш» қоғамдық қоры қаржы жинап жатыр

юнеско

2016 жыл – қазақ руханияты үшін қадірлі де тұғырлы жыл. Қадірі де, тұғыры да сол – Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл. Қазақтың оза туған Әлиханын – бүкіләлемдік атақты ұйым ЮНЕСКО-ның өзі «Әлемдік тұлға» деп танып, Оның 150 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту жөнінде шешім шығарды. Міне, көрдіңіз бе, ЮНЕСКО-ның ғұламалар кеңесі қатардағы екінің бірін «Әлемдік тұлға» деп санамайды. Осы уақытқа дейін ұлы Абайдың, жыр алыбы – Жамбыл мен дауылпаз Махамбеттің, қазақтың заңғар жазушысы Әуезов пен  ғалым Сәтпаев, суретші Қастеевтің  ғана мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткен еді. Ал, қазақтың Әлиханы – қазақтың дара туған қайталанбас біртуар тұлғасы. Енді дүйім Алаш арқа-жарқа болып Әлиханның мерейтойын тойлайтын болады.

Қазақта «өлі разы болмай, тірі байымас» деген аталы сөз бар. Әуелі Әлиханның рухына құрмет жасасақ, оның өзі хайырлы іс емес пе? Өйткені, Әлихан бабамыз – қазақтың түтіні дұрыс шығып, өз алдына дербес ел болуын арман етті; қазақтың жер асты, жер үсті байлығы және әрбір темірі,тіпті, малының жүні мен терісіне  дейін қазақтың күнделікті тұрмысының қажетіне жарауын көздеді.  Біз, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы – асыл бабамыздың осы сенімінен шығып, аманатын қалтқысыз орындауға тиіспіз. Бұл – әруақ алдындағы әрі Отан алдындағы азаматтық һәм перзенттік парызымыз.

Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына қатысты 18 томдық еңбек пен 2 ғылыми монографиялық зерттеудің баспадан шығарып, ел игілігіне жарату үшін қаражат керек. Сондықтан құрметті ағайын, Алашшыл бауырлар,  жүрегі «Алаш» деп соғатын, Алаш қайраткерлерінің рухына адалдық танытатын адамдар болса, төмендегі есеп шотқа Алла разылығы үшін һәм әруақ разылығы үшін көмекке қаражат аударса екен. Кейін қордың есепшотына түскен ақшалардың қалай жұмсалғаны жайында, қордың төрағасы, Әлихантанушы-ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы баяндайтын болады.

 

Qiwi-шот : +77015570567

«Алашорда» қоғамдық қоры
ИИН: 000940007148
КБЕ: 17
Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT)
KZ19914012203US000VR (USD)

Алла разы болсын!

Елдос Тоқтарбай

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*