Главная » Новости » Қоғам - Общество » Астанаға газ тарту жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды — Энергетика министрлігі

Астанаға газ тарту жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды — Энергетика министрлігі

Астанаға газ тарту жөніндегі мәселе белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлім етті.

газ

«Бүгінгі таңда Астанаға газ құбырын тартудың екі жобасы бар. Олар: Қостанай облысынан тартылатын «Қарталы — Тобыл — Көкшетау — Астана» магистралі мен «Бейнеу — Бозой — Шымкент» құбырына «Қызылорда — Жезқазған — Теміртау — Қарағанды — Астана» магистралін жалғау арқылы елордаға газ жеткізу. Бірінші жоба бойынша жұмыстар атқарылды, жобалық-сметалық құжаттамасы да бар. Екінші магистраль бойынша аздаған теxникалық-экономикалық есептеулер жасалды. Қазіргі уақытта екі жобаны да тоқтата тұру туралы шешім шығарылды. Әзірге белгісіз мерзімге», — деп атап өтті департамент директоры.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*