Алматыда 2016 жылдың 19 наурызында «Жер сағаты» акциясы аясында бірқатар шаралар өткізіледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Көктөбе мұнарасындағы, «Сұнқар» шаңғы трамплиндері кешеніндегі, Республика алаңындағы нысандардың, әл Фараби даңғылы бойындағы Халық банкі, «Билайн Казахстан» компаниясы мен «Технодом» дүкендерінің жарық көздері өшіріледі», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 19 наурыз күні кешкі сағат 20:15-те Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің бойында велошеру өткізіліп, «Алмалы» сауда ойын-сайық кешені алдында мәреге жетеді.
Ал, сағат 21:00-де «Алмалы» сауда ойын-сайық кешені алдындағы алаңда флешмоб пен түрлі конкурстар болады.
Шараларды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Велоқоғамдастығы ұйымдастырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат