Главная » Новости » Мәдениет - Культура » Ұлттық киімді киюге айрықша мән берген дұрыс — Қ. Сартқожа

Ұлттық киімді киюге айрықша мән берген дұрыс — Қ. Сартқожа

Ұлттық киімді тек мереке күндерінде ғана киген дұрыс емес. Бұл туралы бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Түркология және алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры Қаржаубай Сартқожа мәлім етті.

????????????????????????????????????

«Жалпы біз ұлт ретінде ұрпақтарымызды, жас буынды ұлттық тарихымызды негізге алып,тәрбилеуіміз керек. Сонымен қатар шенеуніктердің ұлттық тарихты өте жақсы білуі маңызды. Осы дәрежеде насихаттай алсақ, ұлттық салт-дәстүрімізді тиісті деңгейде сақтай аламыз»,-дейді Қ. Сартқожа.

Ұлттық киім мәселесіне тоқталған ғалым, «Біз негізінен еуропалық үлгідегі киімдерді киіп жүрміз. Кезінде біздің ұлттық киімдеріміз қандай керемет еді. Қазіргі кезде дизайнерлеріміз осы киімдерді жаңғыртып, шығарып жатқаны қуанышты. Осыны бүкіл халықтық дәрежеге шығаруымыз қажет. Тойда немесе мерекеде ғана емес, жалпы күнделікті киіп жүретіндей мақсатты қою керек. Бұл өз кезегінде елімізде үлкен бетбұрыс болар еді»,-дейді түрколог ғалым.

Айта кетейік, Елбасы кітапханасындағы  Қаржаубай Сартқожаның жастармен кездесуі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясындағы «Ұлы Дала дәстүрлері» айлығына арналған.

Руслан Ғаббасов

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*