Главная » Новости » Қоғам - Общество » Лаңкестік оқиғадан кейін жабылған Брюссель әуежайы өз жұмысын 30 наурызда бастайды

Лаңкестік оқиғадан кейін жабылған Брюссель әуежайы өз жұмысын 30 наурызда бастайды

201

Брюссельде 22 наурыз күні лаңкестік әрекет орын алғаннан кейін жабылған әуежай өз жұмысын 30 наурызда бастайды, ал 29 наурызда жарылыстардан кейін салынған уақытша құрылыстарды тексеру жұмыстары өтеді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы жексенбі күні әуе айлағының әкімшілігі хабарлады.

«Ғимарат және уақытша құрылыстың инспекциясы сейсенбі, 29 наурыз күні өткізіледі. Әуежайда көлемді тексерістер өтіп, соның барысында оның 800-ге жуық қызметкері «қалпына келтірілген ұшу залында рейске тіркеуден өтеді», — делінген хабарламада. Онда, сондай-ақ, соңғы күндері әкімшілік терминал инфрақұрылымының жағдайын бағалап, қалпына келтіру жұмыстарының түрлі сценарийлерін талдау өткені атап өтіледі.

Әуежай лаңкестік әрекеттерден кейін эвакуациялау салдарынан қалып қойған 100 мың бірлік жүкті жіберу немесе қолға беруге ісіне кірісті. Әуежайдың әкімшілігі ондағы сегіз паркингте қалдырылған көліктерді иелеріне қайтара бастады. Лаңкестік оқиғалардан кейін онда 6 мыңға жуық көлік қалған.

22 наурыз күні таңертең Брюссельдің әуежайында екі жарылыс және еурокварталдағы «Маэльбек» метросының стансасында тағы бір жарылыс болды. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 31 адам қаза тауып, 340 адам зардап шекті. Олардың арасында 40 мемлекеттің азаматтары бар.

Фото:© EPA/LAURENT DUBRULE

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*