Главная » Новости » Қоғам - Общество » «RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде өрт шықты — Алматы

«RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде өрт шықты — Алматы

орт

Алматыда «RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова айтты.

Өрт туралы хабарлама таңғы 08:08-де түскен. Атап айтқанда, қонақ үйдің астыңғы қабатында орналасқан «спа салоны» өртке оранған. Қызыл жалын 10 шаршы метрді шарпыған.

Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар мен қызметкерлер, барлығы 104 адам, қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт жарты сағатта ауыздықталды. Ешкім жапа шеккен жоқ. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*