Главная » Новости » Қоғам - Общество » ПӘКІСТАН: Лахордағы жарылыс құрбандарының 30-ға жуығы — балалар

ПӘКІСТАН: Лахордағы жарылыс құрбандарының 30-ға жуығы — балалар

35

Пәкістанның Лахор қаласында жанкештінің өз-өзін жарып жіберуі салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, соның 29-ы — балалар, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Полиция комиссарының орынбасары Мохаммад Усман бұған дейін жарақат алған адамдардың саны 190-нан асқанын мәлімдеген.

Жарылыс жексенбі күні таңертең, қала орталығындағы Гүлшан-и-Икбал саябағының жанындағы көлік тұрағының қасында, ойын алаңынан бірнеше метр жерде болды.

Бұл жерде Пасха мерекесін тойлау үшін бүкіл отбасымен жиналған жергілікті христиандар көп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*