Главная » Новости » Денсаулық - Здравоохранение » Медициналық сақтандыру қорына шетелдік сарапшылар басшылық етуі мүмкін

Медициналық сақтандыру қорына шетелдік сарапшылар басшылық етуі мүмкін

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жетекші қызметтерге шетелдік сарапшылар шақыртылады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ОКҚ-дегі Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру мәселелері бойынша баспасөз мәслихатында.  
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің сайтында жазылды.
дн1
Вице-премьер еске салып өткендей, «қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және жалпы Үкімет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс жасауда».
«Алғашқы жағымсыз тәжірибе бәрінің есінде екенін білемін. Медициналық сақтандырудың өзінде көңіл толмаушылықтар бар. Сондықтан, сол қателіктерге жол бермеу үшін біз мысалға, осы жобада шетелдік сарапшылардың жұмыс істегенін қолдаймыз және оларды осы қорға басшылық ету қызметіне шақыруға да дайынбыз», — деді Д.Назарбаева.
Ол сондай-ақ Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін, тәуекелдер мен бақылауды азайту үшін денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды енгізу қажет екенін баса айтты.
«Маңызды жасаушы — ауылдық медициналық мекемелерге дейін ақпараттандыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес дәріханалар жүйесін түгел автоматтандыру», — деді вице-премьер.
Сондай-ақ, оның айтуынша, нақты мемлекеттік тарифтік саясат қажет және одан кейін қор өзінің тексеру тетіктерін іске қосады.
«Қор медициналық мекемелердің талаптарға сәйкестігін, кадрлардың барлығын, сапалы қызмет көрсету үшін тиісті материалдық-техникалық жабдықтауды тексеріп, олардың жұмысын қадағалауы тиіс. Барлығы автоматтандырылуы керек», — деп түйіндеді Д.Назарбаева.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*