Главная » Новости » Әлихан Шыңы » «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Алихан

2016 жылы 20-21 сәуірде Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, — деп хабарлайды Медиа-Астана сайтының тілшісі.

Конференцияда:

Әлихан Бөкейхан  – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы;

  • Әлихан Бөкейхан – қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің негізін салушы;
  • Әлихан Бөкейхан – ұлттық ауылшаруашылық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың іргетасын қалаушы;
  • Әлихан Бөкейхан – қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті зерттеушісі — деген тақырыптар талқыланбақ.

Конференция жұмысына «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысын, жәдитшілдік бағыттағы түркі-мұсылман халықтарының рухани және саяси жаңғыруын зерттейтін отандық және шетелдік ғалымдар қатысады. ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайракерлері, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары шақырылады. Ә.Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына, Алаш қайраткерлеріне арналған құнды мұрағат деректерінен көрме жасалады. Іс-шара барысында Астана қаласы «Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағышталады, елорданың мәдени-ғылыми ошақтарына саяхат ұйымдастырылады.

1 комментарий

  1. Абылай

    Осындай игілікті шараға сəттілік тілеймін !

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*