Главная » Новости » Мәдениет - Культура » «КІТАПХАНА ХАБАРШЫСЫ» ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

«КІТАПХАНА ХАБАРШЫСЫ» ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Пайым мен парасат падишасы – кітап» тақырыбында Ашық Есік күні өтті.

13043727_251262348560194_7307034071997228600_n

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай өткізілген Ашық есік күні аясында кітапхана жанынан ашылған ғылыми-танымдық және әдістемелік бағыттағы «Кітапхана хабаршысы» журналының беташары өтті.

Шараға арнайы келген ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, абайтанушы, шәкәрімтанушы Ғарифолла Есім, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің баспа бағдарламалары басқармасының бастығы Нұрасыл Тоғызбаев, ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты  Дәулеткерей Кәпұлы жаңа басылымға сәттіліктер тіледі.

13055477_176060296121917_7522997796547741623_n

Аталмыш журналда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалыққызы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Д.Назарбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы кітапхана ұжымына сәт-сапар тілеп, жаңа басылымды алғашқы қадамымен құттықтаған.

Алдағы уақытта «Кітапхана хабаршысы» жаңа сападағы кітапхана қызметінің жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін бірден-бір басылым болмақ. Сондай-ақ, бұл басылым Қазақстандағы көпшілік кітапханаларға, кітапхана ісі мамандарына, кітаптанушылар мен кітапханатанушыларға және көпшілік оқырмандарға арналған ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-тәжірибелік журнал болып табылады.

«Кітапхана хабаршысы» журналы негізінен ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-тәжірибелік, кәсіби және танымдық бағыттағы материалдарды қамтиды.
Бауыржан Берікұлы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*