Главная » Новости » Мәдениет - Культура » ЕЛОРДАДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕЛ МАҚТАНЫШТАРЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕЛ МАҚТАНЫШТАРЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел мақтаныштары» атты фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараны ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі. Фотокөрменің бас серіктестігі — «Bank «RBK» АҚ, ақпарат серіктестігі «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Көрмеде Халық қаһарманы, Еңбек Ері атақтарына ие болған тұлғалардың, Олимпиада чемпиондары, мәдениет пен экономика салаларындағы, мемлекеттік сыйлық иегерлерінің  фотсуреттері қойылды.     Көрменің ерекшелігі — аталмыш фотосуреттер бұрын еш жерде жарияланбаған және фотокөрме алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кітапханадағы көрмені тамашалау он күнге дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана, Алматы қалалары мен Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш жобаның басты мақсаты — жас ұрпаққа арнап,  ел Тәуелсіздігін алғаннан бергі 25 жыл ішіндегі орын алған мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалар туралы фотошежіре құру. Осы арқылы болашақ ұрпақты да елінің елеулі ерлеріндей жетістіктерге жетуге, Отан мақтанышына айналуларына үндеу, ізгілікке тәрбиелеу болып табылады.

Ақын Мұзафар Әлімбаевтың:

«Қас қағымды қарт тарихқа сыйлайсың,

Ізсіз-түссіз жоғалтуға қимайсы», — деп жырлағанындай, кітапхана төрінде тұрған бүгінгі тұрған бұл фотолардың да ертеңгі күнгі тарихқа һәм олардың құнды жәдігерге айналары ақиқат.

 

Б.Сегізбаев

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*