Главная » Новости » Білім - Образование » ОЛ- ӨР АЛТАЙДЫҢ ӨЗІ ЕДІ…

ОЛ- ӨР АЛТАЙДЫҢ ӨЗІ ЕДІ…

зуха-батыр (1)

Еууу Зайсанның жиегі
Кербез дала топырағы киелі
Жүрегінің ағытылып тиегі
Əр пендесі Жаратқанын сүйеді

Еууу көк орамал Зайсаным
Толқыныңды тербеді екен қайсы ағын?
Бір арудың сүйген жары жүрегі ақ
Құрсағында қайсар ұл!

Абақ Керей-Алтын бесік ақ керей
Хақты сүйген байлық демей, бақ демей!
Пейілін көр қаны қара биліктің
Мейірім бер мынау қиын шақта өгей

Бір-ақ адам: батыр, діндар, данышпан
Жауға шапса жүрек жұтқан арыстан
Қара қылды қақ бөлетін би-шешен
Тек халықпен табысқан

Сауыр Алтай құшағы кеең Алтайым
Үзілгенде өзіңе үміт артайын
Əділдіктің мынау даңғыл жолында
Қандай азап берсең дағы тартайын

Сауыр Алтай-өр мекен
Панасызды панама алып төрлетем
Биліксымақ биліктерін сала алмас
Бастықсымақ бас сұқпайтын жер ме екен

Тамырсызға ұстатпайды ау тау ұлы
Тау ұлының жырақ қалды ауылы
Енді оның кедей-кепшік ел-жұрты
Енді оның кедей-кепшік бауыры

Еуу , əділдік қайдасың
Отырса да билік тақта жайғасып
Қара халық көрмей жатыр пайдасын
Енді бұлар саясатпен ойнасын
Бір қазақтан асыра алса айласын

«Ел-жұртымның көтере алсам тұғырын
Тауда менің ғұмырым
Мен билікке қол жетпейтін-аңызбын
Мен халықтың аузындағы жырымын»

Байлық деген ол халықтың еншісі
Ал əділдік халық-билік елшісі!
Билігіңе байлыққұмар келсе егер
Нəпсі болар көршісі…

Еуу соры қалың Белқұдық
Көрсетпедің ер жігітке ер қылық
жақын тартып қорғаштаған қорғаған
Қойғаның ау күшігіне қор қылып

Еуу Сарысүмбе не қылдың
Еңіресем етек жас боп егілдім
Жүз елу жыл адам болып өлдің де
Жүз елу жыл Əділдік боп жеңілдің…!!!

Өрлік пенен ерліктіктің өзегі
Өр Алтайды өр ұл ғана кезеді
Бауырына Паналатқан барлығын
Ол- өр Алтайдың өзі еді..
Зуқа батыр…

Айдана Сегізбаева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*