Главная » Новости » Білім - Образование » БАСЫ БАР ДЕНЕ ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ…

БАСЫ БАР ДЕНЕ ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ…

 Зуқа батыр рухына

Зуққа батырр

 

Қытайдың бар-ақ

«бұл қалай» дері,

Зәресін алған

Зуқадай Бөрі!..

 

Қарақан басын

ойламағасын –

Ойланбай тікті

бәйгеге басын!

 

Шабылсын нендей

жағдайда тіпті

Басы бар дене

қандай бақытты?!.

 

Зуқадай Ерді

туған Алашы,

Мендегі мынау

мұңға қарашы…

 

Басы жоқ Кене,

денеміз – ғәріп,

Жоқтаумен әлі

келеміз налып…

 

Кейкінің дағы,

о, неге осы

«Бірікпей» қойды

дене мен басы?!.

 

Ұмытылмас ұлдар

ұлтына ұран

Бағыштап тұрсақ

рухына Құран…

 

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*