Главная » Главная тема » «АҚЖҮНІСТІ» ҚАЙТАРАЙЫҚ!

«АҚЖҮНІСТІ» ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Әлемде қанша адам болса, сонша тұтынушы болады екен. Тұтынушы – ол барлық адамзат баласына тән ортақ белгілерге ие. «Адам-тұтынушы» десекте, «тұтынушы-адам» десекте қателеспейміз. Мысалы, адам болып туылып, азаматтығы болмауы мүмкін, алайда, адам болып туылып, адамдар арасында өмір сүріп, тұтынушы болмауы еш мүмкін емес нәрсе. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның принциптері, көптеген ережелері өркениетті жолға түскен барлық елдерге ортақ, бірдей болып келеді. Ондай заң бізде де бар. Алайда бір өкініштісі, біздер өзіміздің тұтынушы ретіндегі құқықтарымызды біле бермейміз, білгендеріміз, сол құқықтарымызды пайдаланбаймыз. Шындығында, Қазақстанның қазіргі жағдайында бірден-бір «жұмыс жасайтын» заң, осы – «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң дер едім. Кезінде, қазақ тілі бойынша да, осы заңнаманы қолданып, біраз мекемені соттан жеңіп едік. Өйткені, аталған заңға сәйкес, кез-келген қызметті қазақ тілінде талап етуге құқығымыз бар. Бірақ, ол басқа әңгіме.
Енді, журналистер күніне не қатысы бар бұл әңгіменің, соған тоқталайын. Біз сатып алатын, тұтынатын кез-келген зат, өнім Азаматтық кодекске сәйкес үш ақ түрге бөлінеді, олар: тауар, жұмыс және қызмет. Бүкіл дүниежіүзі бойынша осылай классификацияланады. Тиісінше, Сіз бен біздің күнделікті теледидардан тамашалайтын бағдарламаларымыз — қызмет өнімі, ал біз көрермендер – тұтынушы болып есептелеміз.
Енді мәселенің төтесіне көшейік, маған заңгер ретінде Астана қаласында тұратын, осы Фейсбук арқылы «дос» Рысжан Мұратбекқызы есімді қарындас өз өтінішімен жүгінді. Ол өзінің бала кезінен бері, Сәуле Әбединованың жүргізген «Ақжүніс» бағдарламасын көріп өскенін, аталған бағдарламаның бұл күнде белгісіз себептермен теледидардан алынып тасталғанын айтып, қайтадан сол бағдарламаны теледидарға қайтару мүмкіндігі бар ма деп сұрады. Мен Рысжанға оның тұтынушы ретінде өзі тұтынғысы келетін кез-келген қызметпен өнімді талап етуге құқылы екендігін түсіндіріп, егер шынымен сол бағдарламаны қайтару ойы болса, онда өз атынан министр атына хат жолдауға кеңес бердім. Нәтижесінде, төмендегідей хат пайда болды.

02
Құрметті достар! Сіздерге осы хатты ұсына отырып, егер тұтынушы ретінде өздеріңіз сүйсініп көрген бағдарламаны теледидардан көргіңіз келсе, осы пост астына: 1. Аты-жөніңізді, 2. Мекен-жайыңызды көрсетіп қолдайтындарыңызды білдірсеңіз болады, біз (Рысжан екеуміз) өз тарапымыздан, қолдаушылар саны белгілі-бір межеге жеткен соң бәріңізді көрсете отырып хатты министрге табыс ететін боламыз.
Егер өзіңіз туралы мәліметті ашық көрсеткіңіз келмесе, Рысжан Мұратбекқызының немесе менің жекеме жазсаңыз болады. Сонымен қатар, Фейсбукте тіркелмеген, бірақ қолдайтын басқа жанұя мүшелерін де көрсетуге де болады.
p/s: Сәуле Әбединованың өзі Рысжан екеуіміздің бұл тірлігімізден еш хабары жоқ, бірақ ел қолдап, министр қолдап кетіп жатса «Ақжүністі» қайта өмірге әкелуге қарсылығы бола қоймас деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д.Ә.Абаевқа

Астана қаласы, Шапағат көшесі 24 үй тұрғыны Р.МұратбекқызынанҚұрметті Дәурен Әскербекұлы!

Рухани тәрбие мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде телебағдарламалардың рөлі аса зор екеніне ешкім дау айта қоймас. Бір қарағанда қазіргі шақта телеарналар мен олардағы бағдарламалардың саны қыруар көп сияқты болып көрінеді. Алайда егер оларға хабардың қазақ тілінде жүруі, діліміз бен дінімізге сай келуі, отбасылық құндылықтарды насихаттауы, тартымдылығы жайлы талаптар қоятын болсақ, жаңа ғана көп болып көрінген дүниелердің қатары айтарлықтай селдіреп қалар еді. Сондықтан Батыс пен Шығыстың бізге жат мәдениетінің қыспағында қалған қазіргі кезде өз рухани құндылықтарымызды өз тілімізде насихаттайтын жаңа хабарлар керек деп санаймыз. Егер аталған мақсатты жүзеге асыратын хабарлар «өзіне үлгі тұтып бой түзейтіндей кімде қандай хабар бар еді» деп іздейтін болсақ, ол үлгіні алыс-жақын шетелден іздеп қажеті жоқ. Себебі қазақтың қыз-келіншектерінің басым көпшілігі бұл сауалға «Ақжүніс» деп жауап берер еді. Иә, 2002-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасында көрермендерін теледидардың алдында тапылжытпай ұстаған «Ақжүніс» атты хабар болды. Осы төрт жылдың ішінде Ақжүніс тек қана қыз-келіншектердің ғана емес, қоғамның бүкіл қабаттары сүйіп қарайтын шын мәніндегі отбасылық хабарға айналды. Бұл хабардың танымалдылығы сонша, жабылғанына он жыл өтсе де оны жүргізген белгілі журналист Сәуле Әбединованы ел-жұрт әлі күнге «Ақжүніс» деп атайды. Көрермендерінің көзайымына айналған С.Әбединова осыдан төрт жыл бұрын құрған журналының атын да «Ақжүніс — Астана» деп атапты. Тұңғыш нөміріне Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Ақжүніс — Астана» журналы жайлы «Айқын»газетіне 30.03.2012 шыққан мақалада былай деп жазылыпты: «Ақпарат айдынында тізгінді шеттілді басылымдардың қолына беру қауіпті. Дамыған елдерде мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірмеу үшін өздеріне шетелден келетін БАҚ-қа мемлекеттік бақылау жасап, таралу көлемін 20 пайыздан асырмайды. Біздегі өнімдердің 90 пайызы — орыстілді. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының саны — 2970, олардың 200-ден астамы электрондық басылымдар. Мерзімдік басылымдардың 453-і қазақ, 2303-і орыс тілінде жарық көреді. Ресейден таралатын 5248 басылым бар. Елімізде таралатын және Ресейден келетін орыстілді басылымдардың жалпы саны — 7551. Халқымыздың 65 пайызы қазақ бола тұра, қазақтілді басылымдардың үлесі 6 пайыз шамасында. Ақпараттық тасқынмен күресудің бір жолы — қазақтілді өнімдер санын арттыру».
Аталған мақалада көрсетілген өкінішті статистика тап қазір қатты өзгере қоймаған шығар, сондай-ақ журналдың аты да, заты да «Ақжүніс» болып қалды десек те, оның мүмкіндігі мен қамту аясын «Ақжүніс» телебағдарламасымен салыстыру қиын. Осы айтылғандарға орай, қоғамға берері мол, көрермендері сағынған, сондықтан да рейтингісі өте жоғары болады деп күтілетін «Ақжүніс» хабарымен ел-жұрт қайта қауышатын уақыт туды деп санаймыз. Бұл үшін телехабарға деген қажеттілік те, сол қажетті өтей алатын мамандар, соның ішінде «Ақжүніс» көтерген идеялардың бәріне адал болып қалған және оларды әлі де жалғастырып келе жатқан, яғни еш баламасыз жүргізуші Сәуле Әбединова де бар.

Құрметті министр мырза!
Сіздің жаңа жұмысыңызға табыс тілей отырып, бұл қызметтегі алғашқы қадамдарыңыздың бірі ретінде қазақ қоғамына, қазақ отбасына, қазақ әйеліне өте керек дүние – кезінде нағыз халықтық сипат алған «Ақжүніс» бағдарламасын эфирге қайта шығаруды сұраймыз.

Құрметпен, Р.Мұратбекқызы

 

Абзал ҚҰСПАН, заңгер

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

57 комментарии

  1. Ақжүніс бағдарламасын қайта телеэфирге қосылғанын дұрыс көремін!

    • Рысжан

      Осында адрес калдырсаныз уйниздин аты-жонинизди

      • Гүлнұр Исмағұлова

        Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 146/1-14

      • ия мен де коргим келеди дал мен бой жетип калганда турли ангиме козгап магыналы, тарбиеси бар, сабак алатындай кейипкерлер келип, кейде бир????алатын багдарлама болатын. Жана форматта, жана лебпен, озекти такырыптаржы козгайтын багдарлама болып кайта шыгуын калаймын!!!

    • Өтен Ахмет

      Халық сүйген, қолдаған нәрседен артық қазына болмайды. «Ақжүніс» кең тынысты бағдарлама. Оның аясы «Әйел бақыты» тақырыбынан да кең. Өмір тіршіліктің барлық қатпарын еркін қамти алады.

  2. мұқәділ

    Ақжүністі қайта көргіміз келеді

  3. Жанкелді

    Ақжүніс бағдарламасын сол жылдары бала болсам да ата-анаммен бірге қызығып отырып көретінмін! Сəуле əпкеміздің жүргізгенінің өзі ерекше едіғой. Бағдарлама қайта қосылғанын қос қолды көтеріп қолдаймын!

  4. Гульмира

    Үндінің, түріктің өтірік киноларын алып тастап, орнына «Ақжүніс» бағдарламасын қойса, барлық қазақ қуанар еді деген ойдамын.

  5. Толкын

    Ақжүніс багдарламасын жануямызбен коретiнбiз. Такырыптары да кызык, Сəуле əпкеміздің жүргізгені де жаксы. Бағдарлама қайта қосылғанын қолдаймын!

  6. Алмагүл

    Қолдаймын! Авдолхан Алмагул.
    Павлодар қ., Бестужев к._8үй, 26_пəтер.

  7. қарлығаш

    Менде «Ақ жүністі «қолдаймын , қайтадан көргіміз келеді, үндінің өтірік ,адамның жүйкесін тоздыратын серияларын неге эфирден алып тастамайды, қандай өнеге, қандай үлгі одан жас ұрпаққа.

  8. Сымбат

    Қолдаймыз!!!
    Бердіқұлова Гүлмира
    Маман Сымбат
    Тараз қаласы, 10 мкр, 30-үй, 32 пәтер

  9. Менде құптаймын керемет бағдарламалардың бірі болатын.Қызылорда облысы Қазалы ауданы

  10. Гулдаурен

    Қолдаймын! Аймаганбетова Гулдаурен Астана қ. Сарайшық 7/а кв66

  11. Светлана

    Акжунiс багдарламасын колдаймын !

  12. Светлана

    Акжунiс багдарламасын колдаймын ! Орал каласы .

  13. Əйгерім Мақажан

    Қолдаушыларға рақмет! Əркім өз аты-жөнін жəне мекенжайын қалдырады. Сол адамдар қолдаушылар тізіміне тіркеледі. Үй ішінде қолдайтын адамдар бар болса, фейсбукте тіркелмеген болса да жазуға болады. Қолдайтындардың саны неғұрлым көп болғаны жақсы!!!

  14. Əйгерім Мақажан

    Қолдаймын! Мақажанова Əйгерім Тұрсынқызы. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Өспен / Нілді / ауылы, Мектеп көшесі, 225 / 2.

  15. Кулима

    Расыменде биз Акжунис багдарламасымен остик.Экранга кайта шыкканын кос- колдап колдаймын.

  16. Қалдықыз

    Алматы қаласы, Алмалы ауданы
    Есенбаева Қалдықыз

  17. Неше түрлі тəрбиелік мəні жоқ сериалдардың орнына осындай қазақи телебағдарламалардың қайта іске қосылғанын қалаймыз!

  18. Бактыгуль

    Менде колдаймын!
    Коканова Бактыгуль Талгаткызы
    Атырау облысы,индер ауданы,с.Есбол.
    20.10.1989 ж
    87123424637.

  19. Газиза

    Бекбердиева Газиза
    14.02.1992 ж.
    Тараз каласы
    Памирская #13

  20. Қолдаймын! Алматы. Боралдай. Менделеев 3.16

  21. Райхан

    Акжунис багдарламасын сағындық

  22. назира

    акжунис багдарламасын корсек екен

  23. Назира

    Ақжүніс бағдарламасын телеарнадан көргенді қалаймын . Қазақ қызы үшін, қазақ отбасы, əрбір қазақ əйелі үшін бұл бағдарламаның берері көп! Сауле, біз сені қолдаймыз!

  24. Гулмира

    Ақжүніс бағдарламасын қайта көргім келеді

  25. Бағжан

    Ақжүністі көрерменіне қайтару керек. Ол елдің, қазақтың талабы. КТК арнасындағы қазаққа бір тиын пайдасы санасында орыс ұлтшылдығы сайрайтын «Наша правда» -деген бағдарламаны жапқызып, орнына осы «Ақжүніс» -ті ашқызу керек.

  26. Қалжан

    Мұның ешқандай жасырын емес те, қолдауға, жақсы дүниені жарыққа қайтадан əкелуге еш сөкеттігі жоқ! Қəзір расымен телндидарымыздан көретін мынау мынау деп астын сызып та көрсететін ешқандай көрсетілім дер бағдарламалар қалған жоқ, Бұрын құйттай ақ-қара теледидарымыздан небір жақсыны көре алатын едік, есебіне теледидардың нешеме түрі шықса да ішінен ойып тұрып алатын бағдарлсмалар атымен жоқ болып құрып кетті! Жпрнпмасының өзі ұятқа толы, Даңғырлақ шоулар,
    Мұндай қайтадан жарыққа əкелетін көптеген бағдарламаларды, арыз жазбай ақ əкеле керек!

  27. Жандарбек Зікірия Заманханұлы

    Толғымен қолдаймын! Тек, «Ақжүніс» емес, «Шынның жүзі» т.б. бағдарламаларды қатару керек.

  28. Ассәмуғалейкум,Аллаһтан рахмет пен сәлемет болсын!
    Ақжүніс бағдарламасын қайтару керек!
    Менің әйелдерім көретін тәуір бағдарлама қалмай бара жатыр…
    Ұлттық арнадан Үнді,Корей фильмдерін алып тастау керек.Әйтпесе осы сериалдардың кесірінен ұлттық-рухани зардабын шегеміз 5-10жылда жас ұрпақ өскенде.
    Мен әзірше,Аллаһтың қалауымен үш ұлдың әкесімін.Маған келін болатын мұсылман,ар-ұяты өзінде,ақыл-білімі бар келіндер керек.Басқасы тегін болса да керек емес.Осыған бар еңбек-терімді төгіп қызмет жасаудамын.Аллаһ Сіздерге де,маған да күш-қуат,ісімізге береке берсін!

  29. Еркебулан

    Ассаламуағалейкум. Мен де қолдаймын, қайтарыңдар Ақжүністі!!! Қасымов Еркебұлан Төкен ұлы. Қарағ.обл.шет ауданы Ақжал кенті, С. Сейфуллин көш.12а-2.

  30. Қазыбек Иса

    Ел ізлеп жатқан әАқжүністі» бізже қолдаймыз!

  31. Қазыбек Иса

    Ел іздеп жатқан «Ақжүністі» біз де қолдаймыз!

  32. Колдаймын! Кызылорда обл. Жанакорган ауд. Абдигаппар ауылы Шайхслам к. 2

  33. Ақжүністі эфирге қайтарыңыздар!
    Алматы қ. Байтұрсынұлы 96/1, 34 пəтер.
    Парманова Р.С.

  34. Қалдыгул

    Қолдаймын.Раймбекова Қалдыгул Хасенкызы
    Семей қаласы,Деревообделочная көшесі72

  35. Айтолқын

    Ақжем бағдарламасын қолдаймын!Хабдылкан Айтолқын.Астана қаласы,Ə.Молдағұлова 29

  36. Айтолқын

    Ақжүніс бағдарламасын қолдаймын!Хабдылкан Айтолқын.Астана қаласы,Ə.Молдағұлова 29

  37. Өте жаксы бағдарлама еди.

  38. Жамбыл

    Қосыламын

  39. Қалқаман

    Қолдаймын

  40. Ақжүністі эфирге қайтарыңыздар! Өтініш сіздерге! Шымкент қаласы. Громова көшесі 20

  41. Колдаймыз. Айбек Атымтаев. Астана каласы, Уркер ш.а., 117.

  42. Сағындық Айдынғалиұлы Тұралин

    Сағынды Сағындық.
    Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 34-319

  43. Жадыра

    Биз отбасымызбен колдаймыз.Оте керек дуние.

  44. Күлайкан

    «Ақжүніс» бағдарламасының берер тәрбиесі, тағлымы мол деп ойлаймын. Эфирге қайта шықса дұрыс болар еді…

  45. Рысжан

    Колдайтындар толык аты-жондерин, мекенжай адрес калдырсын..биз тизимге қосамыз.

  46. Қолдаймыз отбасымызбен!

  47. Сарсенбаева Гулмира Сагындыковна

    Колдаймын

  48. Райхан

    «Ақжүніс» бағдарламасының берер тағлымы мол деп ойлаймын. Эфирге қайта шығуын қуана қолдаймын, сәттілік.

  49. Зина Байганова

    Ұрпағымыз дұрыс болсын десеңдер «Ақжүніс» бағдарламасын қайтарыңдар . Егерде , » Қалаулымдағы» безбүйрек ана, бетбақ келіндер, ұятсыз қарындастар керек болса , өздерің біліңдер

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*