Главная » Главная тема » Отандық меценаттар белсендік танытуда

Отандық меценаттар белсендік танытуда

 

Қазақстанның мәдени-географиялық аймағы мен қасиетті жерлерін дәріптеу, сондай-ақ, Қазақ халқының өңірлердегі мәдениеті мен әлеуметтік дамуы – ұлттық-мәдени сәйкестілікті сақтау мәселесімен тығыз байланыста. Ал, бұл әр аймақта, облыс, аудан орталықтары ғана емес, шағын ауыл, елді мекендердің өзінде мәдениет ошақтарының болуы, олардың халыққа қалтқысыз қызмет етуін талап етеді.

004

Осы орайда тек мемлекет тарапынан қолдау күтіп, қаражат тілеп отырмай, жергілікті жердегі іскер азаматтардың белсенділік танытуына ден қою да қажет. Соңғы кездері осындай жақсы бастамалар да  жер-жерде өз нәтижесін бере бастады.

Мәселен, бюджеттен тыс қаражат есебінен таяуда 2 музей салынғанын. Бірі – А.Ережепұлы атындағы мектеп-мұражай, екіншісі – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаражат бөлу қажет етілмеген. Бұл орайда «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында қазірдің өзінде мұражайлар, кітапханалар және әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізіле бастағанын айтуға болады.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы, «Элхон» ЖШС директоры Тумашинов Лукбек Шабданович бюджеттен тыс қаражат есебінен мектеп-мұражайдың құрылыс жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мектеп-музейі 1907 жылы ірге көтерген екен және ол Шығыс Қазақстан облысындағы ең бірінші  мектеп-музей болып табылады.

Сол сияқты Ақтөбе облысының кәсіпкері Исламғали Салжанов облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1640 ш.м. құрайтын (11 залы бар) экспозициялық алаңына құрылыс жұмыстарын жасау үшін қаражат аударған.

Осылайша, отандық меценат – атымтай жомарт ел азаматтары ауыл мәдениетін көтеруге мемлекеттен бір тиын шығармастан, өз қаражаттарына мәдени ошақтары бой көтеруге шындап кіріскен. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деген жүректен шыққан тілектерін жаудыруда мұндай өнегелі ұлдарына жергілікті тұрғындар.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*