Главная » Новости » Білім - Образование » Шығыс Қазақстан облысынан Алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысынан Алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорымынан тағы бір Алтын адам табылды. Бұл туралы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, саясаттанушы Берік Әбіғалиұлы өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті.

%d0%b13

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іс-сапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», — деп жазған қоғам қайраткері өз парақшасында.

%d0%b12

Бұған дейін археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ бірнеше қазба жұмыстарын жасап, сәтті нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*