Главная » Главная тема » Елордада «Берел құпиялары» көрмесі ашылды

Елордада «Берел құпиялары» көрмесі ашылды

Бүгін сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Берел құпиялары» көрмесі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде ашылды.

20170816_172349

Көрмеге Берел сақ (б.з.д. II-I ғғ.) қорғандарынан табылған бұғы-грифон ат әбзелінің әшекей бұйымдары, ер және әйел адамның бас сүйегі негізінде жасалған антропологиялық реконструкциялар, зооморфты сабы бар қола айна, әйел адамның әшекей бұйымдары және тағы басқа құнды жәдігерлер қойылды.

Аталған көрменің мақсаты – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында мыңдаған жылдар бойы сақталып келген аса құнды жәдігерлерді әлем жұртшылығына таныстыру және қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеттерін насихаттау.

20170816_173117

Берел қорымында археологиялық қазба жұмыстарына жетекшілік еткен белгілі профессор, тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев. Табылған жәдігерлерге белгілі реставратор Крым Алтынбеков реконструкция жасаған.

Дереккөз: bnews.kz

Фото: Әйгерім Мақажан

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*