Главная » Главная тема » Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші жоғарылады

Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші жоғарылады

2017 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 4,5 процентке артқан. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.

%d0%bf%d1%80

Ана өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар, СҚО мен Алматы облыстарында байқалып отыр. Ал республикалық дәрежеде аталған көрсеткіш 2 процентке азайып, 7,46 процентті көрсеткен.

«Ана өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелді», — деді вице-министр. Сонымен бірге, Алексей Цой ана өлімінің себептеріне қатысты есепте нақтыланбаған жайттардың бар екендігін айтты.

«Соңғы үш жылдың сараптамасы ана өліміне көп жағдайда қан айналымы себеп болып отырғанын көрсетті. Екінші кезекте тыныс алу ағзалары себеп болып отыр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша тура сол жағдай қайталанған. Әлемдік жағдайда ана өлімінің екінші себебі білімсіздіктен болып жатады. Осы бағыттарда қайта сараптама жүргізу орынды деп есептеймін», — деді ол.
Дереккөз: inform.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*