Главная » Новости » Білім - Образование » Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Елбасының межелеп айтуы бойынша, 2025 жылға дейін еліміз латын қарпіне ауысу қажет. Осы мәселе бүгінгі күннің басты тақырыбы болып тұр.

Бүгін Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын көпшілік назарына ұсынды.

Латынға өту жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің бірі жасаған жұмыстың нәтижесі мынадай болды:

93fa8837033b111841d4870cb0972b7d

Филологтың айтуынша, жаңа жазбаны қабылдау бір белгіні екіншісіне ауыстыра салу емес. Бұл әліппенің алдыңғы нұсқаларында жіберілген шалалықтарды жою. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа әліпбиді жасап, оны енгізуде орфографиялық жаңа ережелерді қабылдау қажет. Ұсынылып отырған нұсқада латын әліпбиінің төл белгілері ғана бар.

68cccc20701a420330b494038633a419

«Диакратиктер қазақ тіліндегі өзіне тән дыбыстарды сақтауға кепіл бола алмайды. Мәселен, смарфтондар мен өзге де жазба құралдары бізге түрлі елден келеді, онда латынның 26 ғана әрпі бар. Диакритикалық белшілерді жаңа латын әліпбиіне енгізетін болса, оларды сирек қолданатындықтан, қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстарынан айырылып қалуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде, әсіресе жастардың арасында «ә» әрпін «а»-ғ, «қ» әрпін «к»-ға ауыстырып қолдану кең таралған, ал кейбірі тіпті «ғ», «ң», «ү», «ұ» сияқты әріптерді елемейтін болған», — деп түсіндірді филолог.

e515bd916e1b7fbe3cd4aacde40caaf2

Орталық директоры Ербол Тілешовтің пайымдауынша, біз әлемнің жетекші елдері қолданып жүрген классикалық әліпбиді енгізіп, онда түрлі белгілерді қосатын болсақ біз алға қойған мақсаттарымызға жете алмаймыз. Диграфтарды қолдана отырып, біз өзіміздің дыбыстарымызды сақтап қала аламыз. Ал біздің кейбір әріптестеріміз ұсынып жатқан түрлі диакритикалық белгілер дыбыстың табиғилығын сақтамай, тек ұқсас әріптерді ажырата алуға мүмкіндік береді. Диграфтар бір дыбысты екі әріппен түсіндіретін болса, диакритикалық таңбалар қолдан жасалған жасанды белгілер болып саналады.

%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%be%d0%bb-%d1%82%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%88%d0%be%d0%b2

«Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Нәтижесінде жаңа әліпбиде 25 әріп болатын болды. Жаңа әліпбиді латын графикасы бойынша дайындау жобасы мынандай принципке негізделді — бір әріп — бір дыбыс, бір әріп — екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында әліпбиге 8 диграф қосылды», — деді Тілешов.

Бір сөзінде тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының апробациядан өткенін атап өтті. Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдіргенін айтты.

 

ВИДЕО: http://kaztrk.kz/news/portal/basty-taqyryp-shshayahmetov-atyndagy-tilderdi-damytudyn-respublikalyq-uilestiru-adistemelik-ortalygynyn-direktory-erbol-tileshov-tolyq-nusqa-101945

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*