Главная » Главная тема » Ең көп тараған төрт аурудың бірі — сүт безінің қатерлі ісігі

Ең көп тараған төрт аурудың бірі — сүт безінің қатерлі ісігі

Солтүстік Қазақстан облысында әйелдер денсаулығын қорғаудың онкүндігі өткізіліп жатыр.

Сүт безінің қатерлі ісігі мен жатыр мойны ісігін ерте анықтау және алдын алу жөніндегі баспасөз конференциясында онкологиялық диспансердің емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяк бұл ауру түрлерінің тек осы аймақта ғана емес, елімізде, жалпы дүниежүзінде кең етек алып келе жатқанын мәлім етті.

дт

«Бұл ауруларды емдеу жетістіктері жыл өткен сайын артып келеді, жақсы көрсеткіштерге де қол жеткізіп келеміз. Дегенмен, онкологтарды алаңдататын да жағдай бар. Ауру ерте кезеңдерінде ғана жақсы емделеді. Сүт безі қатерлі ісігінің таралымы көптеген себептерге байланысты.

Ең алдымен бұл фертильді функцияны кеш жүзеге асу және  сәбиді омыраумен  аз уақыт ғана емізумен, дисгармоноздармен  байланысты», — деді Олег Дудяк.

Сондай-ақ, ол сүт безінің қатерлі ісігі ең көп таралған аурулардың төрттігіне кіретінін атап өтті. Былтырғы жылы мұндай аурумен СҚО-ында 216 әйел тіркеуге тұрған. Егер былтырғы және биылғы жылдың тоғыз айын салыстырсақ, биылғы жылы 126, өткен жылы — 163 жағдай анықталған.

Дереккөз: inform.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*