Главная » Главная тема » Айсұлтан Назарбаев қызметінен босатылды

Айсұлтан Назарбаев қызметінен босатылды

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды. Ол туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

ан

«Айсұлтан Назарбаев берілген арыз бойынша «Қазақстан футбол федерациясы ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі вице-президенті қызметінен босатылды», — делінген ұйымның ресми сайтындағы хабарламада.

Айсұлтан Назарбаев биылғы жылдың ақпан айында ҚФФ-ның халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.

Футболшы ретінде Айсұлтан Назарбаев ұлыбританиялық «Портсмут», қазақстандық «Локомотив» (қазіргі «Астана») және «Сұңқар» командалары сапында өнер көрсетті. 2015 жылы ол ҚФФ президенті қызметіне өз кандидатурасына ұсыну туралы жоспарларын бөліскен еді.
Естеріңізге салайық, Айсұлтан Назарбаев ақпанда ҚФФ-ның халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*