Главная » Главная тема » «Нұр Отан» партиясына жаңа хатшы тағайындалды

«Нұр Отан» партиясына жаңа хатшы тағайындалды

«Нұр Отан» партиясының хатшысы болып Ғабидулла Әбдірахімов тағайындалды.  «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшы Ғабидулла Әбдірахимовты таныстырды.

1450415408

Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы хатшы Заутбек Тұрысбековты өнімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. Жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының әкімі болды.
Дереккөз: tengrinews.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*