Главная » Главная тема » Ұлттық банк төрағасы Президент қабылдауында болды

Ұлттық банк төрағасы Президент қабылдауында болды

9c8526ad662c93b9bc7208d80dea18de

Елбасы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.

Кездесу барысында Ақышев Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: akorda.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*