«Қазақ хандығы» телесериалының екінші маусымы «Алтын тақ» деген атаумен шығады.
Сериалдың түсірілімі жаз айларында басталды. Жобаның жалғасын түсіруге халықтың сұранысы себеп болды дейді өз сөзінде киноның қоюшы режиссері Рүстем Әбдірашев:
– Қазақ хандығы» сериалы халқымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шығармашылық топтың атына көптеген алғыс хаттар келіп түсті. Ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздер алдық. Талай пікірталас болды, сын да айтылды. Мен үшін мұндай жобаны түсіру – үлкен жауапкершілік пен мақтаныш, – дейді Рүстем Әбдірашев.
Сценарий І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы желесінде жазылғанымен, түсірілім барысында режиссерлік шешім орын алып тұрады. Әдеби нұсқамен салыстырғанда сценарийге авторлар көп өзгеріс енгізді. Әртүрлі дереккөзді пайдаланыпғбұрын-соңды ашылмаған, кезінде айтуға тыйым салынған мәліметтер қосылды. Кейде диалогтарды ширатып, фильмнің драмасын күшейту керек болады. Ондайда Ерлан Төлеутайдың көмегіне жүгінеді шығармашылық топ.
Дереккөз: informburo.kz
Фото: Ерлан Төлеутайдың фейсбуктегі парақшасынан алынды.