Главная » Главная тема » Ауыл тұрғындары арзан ұялы байланысқа қол жеткізеді

Ауыл тұрғындары арзан ұялы байланысқа қол жеткізеді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шалғай аудандарда ұялы байланысты жақсартудың тәсілі жайында түсіндірді, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті түзетулер ақпарат және коммуникациялар мәселесі бойынша заңнамалық актілерде қарастырылған. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнама бойынша ұялы байланыс операторлары тиісті инфрақұрылымды салуға міндетті болып келді. 500-600 адам тұратын елді мекенде инфрақұрылымды тұрғызу қаржылық жағынан тиімсіз. «Сондықтан да радиожиілік спектрін бірлесіп пайдалану мүмкіндігін беріп отырмыз. Осы арқылы ұялы байланыс операторлары үшін инфрақұрылымға 30 пайызға дейінгі шығынды қысқартудамыз.

уялы

Бұл өз кезегінде ауылды жерлерде ұялы байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Осы орайда бәсекелестік, тұрғындар үшін сапалы байланыс пен арзан тарифті таңдауға жол ашылады. Біз ұялы байланыс операторларына жеңілдік жасап жатырмыз. Бұл ретте біз сапаны жақсарту мен тарифтерді төмендетуді талап ете аламыз», — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
Дереккөз: inform.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*