Главная » Главная тема » Дизель отынының жетіспеушілігі туындауы мүмкін

Дизель отынының жетіспеушілігі туындауы мүмкін

Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін деп айтылады Энергетика министрлігінің хабарламасында.

7 қарашада энергетика министрі Қанат Бозымбаев жиналыс өткізген болатын. Онда Қазақстандағы үш МӨЗ-дің жөндеу жұмыстары талқыланған еді.

дизт

«ПМӨЗ бас директоры Шухрат Данбайдың ақпараты бойынша, 10 қарашада Еуро-4 және Еуро-5 жоғары сапалы бензинін үлкен көлемде өндіруге арналған жаңа құрылғы сынақтан өтікізіледі. Дегенмен зауытта дизель отынын өндіруге арналған сутегін өндіретін құрылғы істен шығып отыр. Ал оны жөндеу желтоқсанның ортасына дейін барады. Осыған байланысты дизель отынының жетіспеушілігі туындауы мүмкін», — дейді министрлік өкілдері.

Бұл жағдайға байланысты Қанат Бозымбаев зауыт директорына қатаң сөгіс айтты.  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, компания бұл мәселені ресейлік жанармайды сатып алып, өзіне шығын келсе де шешу керек.
Дереккөз:tengrinews.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*