Главная » Главная тема » Елбасы іссапармен Қостанай облысын аралады

Елбасы іссапармен Қостанай облысын аралады

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өндірістік кәсіпорындарын аралап көрді, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында Елбасы «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

ннн

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

нн2

Мемлекет басшысы автомобиль өндірісімен айналысатын «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Елбасы өндірістік цехтарды аралап көріп, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

Қазақстан Президентіне Қостанайда жасалған JAC, Peugeot, Ravon брендтерінің автомобильдері, JAC электромобилінің модельдері, сондай-ақ Iveco базасындағы мектеп автобусы көрсетілді.

нн3

Мемлекет басшысына еліміздегі электромобильге арналған инфрақұрылымның даму барысы жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев сауда орындары галереясы, отбасылық ойын-сауық саябағы, 6 залы бар кинотеатр және тағамды жедел әзірлейтін мейрамханасы бар фудкорт орналасқан жаңа сауда және ойын-сауық орталығын аралап көрді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*