Главная » Главная тема » «Сапаржай-Астана» ЖШС сатылды

«Сапаржай-Астана» ЖШС сатылды

Астанада электронды сауда-саттықта «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге сатылды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясын сату бойынша сауда болды. Оның сатушысы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ болды.

8

Сауданы жүргізу формасы — бағаның өсіміне аукцион ұйымдастыру. Оған сәйкес бастапқы баға бұрыннан белгіленген кезең бойынша артып отырады да, ең жоғарғы бағаны ұсынған тұлға жеңімпаз атанады. Саудаға қатысу үшін кепілдік жарна 68 070 000 теңгені құрады, сонымен қатар бастапқы баға 484 359 000 теңге мөлшерінде белгіленді.

Сауда қорытындыларына орай «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 005 151 125,94 теңгеге сатылды. Активті сатып алған тұлға жайында мәлімет жарияланған жоқ.

Дереккөз: inform.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*