Главная » Новости » Білім - Образование » 2017 жылы 61 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді оқудан өтті

2017 жылы 61 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді оқудан өтті

2017 жылы 61 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді оқудан өтті, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. Онда «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының жүзеге асуы мәселесі сөз болды.

тд

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың басты ұйытқысы. Бұл жұмыссыз жүрген азаматтарға аз уақытта еңбек нарығында қажет кәсіби мамандықтарды оқуына және дағдылануына мүмкіндіктер береді.

Оқу тиісті колледждерде, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында, сонымен бірге шалғай елді мекендер үшін мобильді оқу орталықтарының көмегімен жүрізіледі.

Үстіміздегі жылы жоспарлы 26 мың, ал іс жүзінде қысқа мерзімді оқу курстарында 61 мың жүмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар оқытылды.

 Сәйкесінше, бағдарламаға қатысушылар шәкіртақы, жол ақысы, уақытша тұратын жерлермен қамтылады.

Шаштараз, электрик, газды-электр дәнекерлеуші, тас қалаушы, аспаз мамандықтарына сұраныс ерекше.

Оқытылған 23 мың адамның 9,5 мыңы жұмысқа тартылды. Олардың 70% жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасса, 30% өз бетінше жұмыс тапты.

Бүгінде ел аумағында 402 колледж базасында 56 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, осы жылдың тамыз айынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік білім беру оқу орталықтарында жұмыс берушілердің қатысуымен де жүргізіле бастады.

«Оқытудың бұл форматы оқыту сапасымен қатар, қажетті практикалық дағдылануды, олардың келешекте жұмыспен қамтылуын жоғарылатады. Сондай-ақ, бұл бағдарламадағы тағы бір жаңа тәртіп, пилотты режимде қысқамерзімді оқыту шалғай елді мекендерде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі» -деді министр.

Мобильді оқу орталықтары көбіне облыстарға тән. Бес аймақта пилотты жоба енгізіліп, оған бір жарым мың адам тартылды.  «Бастау — Бизнес» жобасы бойынша 15 мың адам оқып, 2300-ден астам адам несие алды.

Жалпы айтқанда, 2020 жылы осы бағытта оқыту бағдарламасы шеңберінде шамамен 472 мыңдай адам оқытылады деп күтілуде.

Қысқа мерзімді кәсіптік білім алу бойынша аймақтарда белсенді атқарылып жатқан жұмыстарды жақсы бағалаған Тамара Дүйсенова, әкімдердің назарын техникалық кәсіптік білім алғандардың жұмысқа орналасу көрсеткішінің төмен екендігіне аударды. Және білім беруде дұрыс таңдау жасауды  ұйымдастыруды, я болмаса білім беретін ұйымдардың тізімін қайта қарауды ұсынды.

Маңыздылығын айта кету керек, кәсіпорындар базасында қысқамерзімді оқыту аймақтардағы «Атамекен» палатасының бөлімдерімен бірігіп өткізілуде.  Яғни бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жанынан қызмет ететін оқу орталықтарының тізімдері түзіледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*