Главная » Главная тема » Астанада көмір тапшылығы мәселесі жоқ

Астанада көмір тапшылығы мәселесі жоқ

1 қыркүйектен 9 қарашаға дейін Астанаға 211,9 мың тонна түрлі маркадағы қатты отын келіп түсті, бұл 3 037 вагон көмір, — деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Қаланың кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, халық арасында «Шұбаркөл» маркалы көмірі көп күл шығармайтыны әрі жылуды молынан беретіні үшін кеңінен танымал екен.

аст уг«ERG компаниясының тобы мен ҚТЖ арасында қол жеткізген келісім арқылы астанаға күн сайын 25 вагон немесе 1500 тонна «Шұбаркөл» маркалы көмірі жеткізіліп жатыр, бағасы да 11 500 теңгеге дейін төмендетілді (келісімшартта әр тоннасы үшін 14-14,5 мың тонна деп көрсетілген), — дейді хабарламада.

Көмірді күн сайын шектеусіз әрі демалыссыз жөнелтуде. Астана қаласының әкімдігі көмір нарығына күн сайын мониторниг жасап, үнемі бақылауында ұстап отыр. Жаңалықтар да күн сайын жаңартылады.

Оған қоса әкімдіктегі «Жедел желіден» көмір мен отын сататын орындар туралы ақпарат алуға болады. Бұрын «жедел желіге» қоңырау шалғандар саны күніне 1 мыңға жетсе, қазір олардың саны 10-20 есеге көбейді.

Бұдан басқа, астананың теміржол тұйықтарында қолда бар көмірге мониторинг жасау үшін арнайы мобильді топ құрылып, алыпсатарларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтілді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*