Главная » Главная тема » Астанада жекпе-жектен республикалық турнир өтеді

Астанада жекпе-жектен республикалық турнир өтеді

Астанада 28, 29 қараша күндері Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай «Дәулет» спорт кешенінде ерлер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына IІІ ашық республикалық турнирі өтеді.

на монитор

Жарысқа республиканың әр өңірінен және қуатты құрылымдардан  жасақталған 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде 26 команда сынға түседі.

Ұйымдастырушылар жекпе-жек сайысынан Бүкілқазақстандық қауымдастық пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті ұйытқы болды. Турнирдің бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры».

Аталған турнир отандық спортшылардың және еліміздің қуатты құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын және жастар арасында жекпе-жек сайысын насихаттау мақтасында турнир ұйымдастырушылары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып, «Замандас» отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерін дүбірлі доданың көрермені болуға әрі спортшылармен жүздесіп, пікір алмасуға шақырды.

Сондай-ақ, спорт сүйер қауым үшін турнир барысында бағалы сыйлықтар мен лотерея ойнатылады. Бұдан бөлек, көрермен назарына ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің концерттік бағдарламасы және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекпе-жек сайысынан қойылымдық көрсетілімдер ұсынылады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 28 қараша күні сағат 15:00-де астаналық «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

29 қараша күні сағат 18:00-де турнир қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Келіп жанкүйер болам дегендер үшін есік ашық!

Турнир бағдарламасы:

28 қараша 2017 жыл (сәрсенбі)

Астана қ, «Дәулет» спорткомбинаты (Тұран даңғылы, 4\2)

09.00-11.00 — сайыстың бірінші туры;

11.00-14.00 — сайыстың екінші туры;

15.00-15.30 — салтанатты ашылу рәсімі;

15.30 — сайыстың екінші туры (барлық салмақ дәрежесі бойынша алдын-ала жекпе-жек сайыстары).

29 қараша 2017 жыл (бейсенбі)

Астана қ, «Дәулет» спорткомбинаты (Тұран даңғылы, 4\2)

09.00-14.00 — финалға дейінгі алдын-ала жекпе-жек сайыстарының жалғасы;

18.00 — 20.00 —  финалдық кездесулер, жеңімпаздарды ұлықтау рәсімі;

БАҚ аккредитациясы үшін байланыс тел.:  8 701 962 81 66

e-mail: Esimbekova84@mail.ru

Турнирді ұйымдастыру комитеті

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*