Главная » Главная тема » Синоптиктердің желтоқсан айының басына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің желтоқсан айының басына арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 2017 жылдың 1-4 желтоқсан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

1495002459_article_b_260_

Күнтүзбелік қыс келді, бірақ қысқы ауа райы кешігіп келуде. Демалыс және мереке күндері Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде аздаған қар күтіледі, ал ауа температурасы бұрынғысынша климаттық мөлшерден   3-5 градус жоғары.

Тек республиканың оңтүстігінде биік циклонның әсерінен жауын-шын болжанады, ауа температурасы 1-2 градус төмен болады. Түнгі және таңертенгі сағаттарда республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, оңтүстікте көктайғақ болжанады.

 

Сондай-ақ, Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 6 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын,  желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*