Главная » Главная тема » Мемлекет басшысы «Химфарм» АҚ-сының цехын іске қосты

Мемлекет басшысы «Химфарм» АҚ-сының цехын іске қосты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру күні аясында «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ-сының технологиялық кешенін ашты, деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

1386437519_43

Аталған шара жалпыұлттық телекөпір арқылы өтті. «ARCELORMITTAL TUBULAR PRODUCTS AKTAU» АҚ бас директоры Магомед Ибрагимовтың айтуынша, аталған кәсіпорын Каспий аймағында әмбебап өндірістік кешен болып саналады.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы «Химфарм» АҚ-сының тағы бір цехын іске қосты. Компанияның бас директоры Ижи Урбанец осымен үшінші цехтың ашылып отырғанын жеткізді. «Біз жалпы көлемі 108 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Жаңа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 1,5 млрд теңгеге жеткізе аламыз.

«Химфармның» атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторларға ыңғайлы жағдай жасағаныңыз үшін алғыс айтамыз», — деді Урбанец.  Өз кезегінде Президент отандық фармацевтиканы дамыту қажеттігіне баса назар аударды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*