Главная » Главная тема » Қазақстан футзалшылары Әзірбайжан құрамасымен кездесті

Қазақстан футзалшылары Әзірбайжан құрамасымен кездесті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Иран елінде өтіп жатқан «Төрт ұлт турнирі» халықаралық додасында Әзірбайжан құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайты Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
photo_4510Кездесу барысында Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын.
Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Кездесу барысында Какау тәлімгерлері 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Кейін есепті теңестірді, сосын алға да шыққан еді. Бірақ біздің құраманың футзалшылары жеңісті сақтап қала алмады.

Ойынның 11 минутының өзінде Вассураның соққан екі голының арқасында Әзірбайжан құрамасы алға шыққан. Үзілістен кейін ойын біздің құраманың басымдығымен өтті. 25-минутта Таку көзге түссе, жеті минут өткеннен кейін Лео таразы басын теңестірді.

Матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда Таку екінші голын соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарған. Бірақ соңғы минутта Әзірбайжан құрамасының ойыншылары есепті теңестіріп кетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әзірбайжан құрамасының тізгінін бұған дейін Қазақстан құрамасымен алматылық «Қайраттың» бас бапкері Какаудың көмекшісі болған Алесио жаттықтырады. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*