2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен ең төмен жалақы көлемі өзгерді, деп хабарлайды «Медиа-Астана» сайтының тілшісі.
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 2018 жылдың басынан жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа төлемдерді есептеуге арналған АЕК 2 405 теңге көлемінде бекітілді.
Сондай-ақ жалақының төменгі мөлшері — 28 284 теңгені, негізгі мемлекеттік зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 15 274 теңгені, зенетақының төменгі мөлшері — 33745 теңгені құрайды. Негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 284 теңге болды.