Баффалода өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы Дания командасынан ұтылып (4:5, 2:3 Б), элиталы дивизиондағы орнынан айырылды.
Енді элиталы дивизионда Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.
Келесі жастар арасындағы әлем чемпионаты 2018-ші жылдың 26-шы желтоқсанында басталып, келесі жылдың 5-ші қаңтарында аяқталады. Аталмыш жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, элиталы дивизионға жолдама алған болатын.
Дереккөз: vesti.kz